Хадис

Адамдар жүретін жолға, саялайтын көлеңкелерге және пайдаланатын суға дәрет сындыруға қатаң тыйым салынады

О строгом запрете справлять нужду на дорогах, по которым ходят люди, в местах их отдыха в тени и в воде, которой они пользуются

Риядус-салихин, 351-тақырып · 1 хадис · № 1773

Хадистер

«وَالَّذِينَ يُؤذُونَ الْمُؤْمِنِينَ وَالْمُؤْمِنَاتِ بِغَيْرِ مَا اكْتَسَبُوا فَقَد احْتَمَلُوا بُهْتانًا وَإِثْمًا مُبِينًا» «Мүмін ерлерді және мүмін әйелдерді нақақтан-нақақ ренжіткендер қып-қызыл жала жапқан әрі анық күнә арқалаған болады» («Ахзаб», 58-аят).

«Также и те, кто бесправно оскорбляет верующих мужчин и верующих женщин, понесут бремя клеветы и явного греха» (сура «Ахзаб», 33:58).

1773
Риядус-салихин, № 1773Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «اتَّقُوا اللاَّعِنَيْنِ» قَالُوا: وَمَا اللاَّعِنَانِ؟ قَالَ: «الَّذِى يَتَخَلَّى فِى طَرِيقِ النَّاسِ أَوْ فِى ظِلِّهِمْ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Бірде Алла елшісі ﷺ: «Ел-жұрттың қарғысына қалдыратын екі жаман істен сақтаныңдар», – деді. Сахабалар одан: «Ол қандай жаман әдет?» – деп сұрады. Сонда Алла елшісі: «Адамдардың жүретін жолына немесе саялайтын көлеңкесіне кіші немесе үлкен дәретке отыру», – деп айтты», – деген (Муслим: 618, Ахмад: 8853).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Остерегайтесь двух дурных поступков, навлекающих людские проклятия”. Сподвижники спросили: “Что это за дурные поступки?” Тогда Посланник Аллаха ﷺ ответил: “Справлять малую или большую нужду на дороге, по которой ходят люди, или в тени, где они отдыхают”» (Муслим: 618; Ахмад: 8853).