Хадис

Бір күн бойы сөйлемей жүруге болмайтындығы жайында

О запрете хранить молчание в течение всего дня в качестве поклонения

Риядус-салихин, 366-тақырып · 2 хадис · № 1802–1803

Хадистер

1802
Риядус-салихин, № 1802Риуаят етуші: Әли (р.а.)

عَنْ عليٍّ قَالَ: حَفِظْتُ عَنْ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ: «لَا يُتْمَ بَعْدَ احْتِلَامٍ، وَلَا صُمَاتَ يَوْمٍ إِلَى اللَّيْلِ» قَالَ الْخَطَّابِيُ فِى تَفسيرِ هَذَا الْحَدِيث: كَانَ مِنْ نُسُكِ الْجَاهِلِيَّةِ الصُّمَاتُ. فَنُهُوا فِى الْإِسْلَامِ عَن ذَلِكَ وأُمِرُوا بالذِّكْرِ وَالْحَدِيثِ بالخَيْرِ

Қазақша аудармасы

Али (р.а.): «Алла елшісінің ﷺ мына сөзін жадыма түйіп алдым: «Балиғат жасына толғаннан кейін жетімдік жоқ!1 (Исламда) бір күн бойы түнге дейін сөйлемей жүру (деген құлшылық) жоқ!» – деп айтқан (Әбу Дәуіт: 2873).

әл-Хаттаби осы хадистің тәпсірі жайында былай деген: «Қараңғылық дәуірінде күні бойы сөйлемей жүретін құлшылық түрі бар еді. Ислам діні келгенде оларға олай істеуге тыйым салынып, оның орнына оларға зікір айту және жақсы сөз сөйлеу бұйырылды», – деп айтқан.

Орысша аудармасы

Али (да будет доволен им Аллах) сказал: «Я запомнил следующие слова Посланника Аллаха ﷺ: “С достижением половой зрелости сиротство прекращается!1 (В исламе) нет и молчания в течение всего дня до наступления ночи (как вида поклонения)!”» (Абу Дауд: 2873).

Комментируя этот хадис, аль-Хаттаби сказал: «Во времена джахилии существовал особый вид поклонения – хранить молчание на протяжении всего дня. С приходом ислама это было запрещено, а взамен людям было велено поминать Аллаха и произносить благие слова».

  1. 1Яғни, әкесінен айырылған бала балиғат жасына толғаннан бастап, шариғи құқық тұрғысынан жетім болып есептелмейді.
  1. 1То есть ребёнок, лишившийся отца, по достижении половой зрелости в шариатском праве уже не считается сиротой.
1803
Риядус-салихин, № 1803

عَنْ قيس بْنِ أَبِى حازم، قَالَ: دَخَلَ أَبُو بَكْرٍ الصِّدِّيق عَلَى امْرَأَةٍ مِنْ أحْمَسَ يُقَالُ لَهَا: زَيْنَبُ، فَرَآهَا لَا تَتَكَلَّمُ. فَقَالَ: مَا لَهَا لَا تتكلمُ؟ فَقَالُوا: حَجَّتْ مصمِتةً، فَقَالَ لها: تَكَلَّمِى، فَإِنَّ هَذَا لَا يَحِلُّ، هَذَا مِنْ عَمَلِ الْجَاهِليَّةِ، فَتَكَلَّمَتْ

Қазақша аудармасы

Қайс ибн Әбу Хазим: «Бірде Әбу Бәкір Сыддық (р.а.) Ахмас тайпасынан Зейнеп деген бір әйелдің үйіне кіргенде оның мүлдем сөйлемей отырғанын көріп, жанындағылардан: «Мына әйелге не болған, неге сөйлемейді?» – деп сұрағанда, олар: «Еш сөйлеместен қажылық жасауға ниет еткен көрінеді», – деп жауап қатты. Сонда Әбу Бәкір (р.а.) оған: «Сөйле, (дінімізде) бұлай істеуге болмайды. Бұл – қараңғылық дәуірінің әдеті», – дегенде, әлгі әйел бірден сөйледі», – деген (Бұхари: 3834).

Орысша аудармасы

Кайс ибн Абу Хазим сказал: «Однажды Абу Бакр ас-Сиддик (да будет доволен им Аллах) вошёл в дом женщины из племени Ахмас по имени Зайнаб и увидел, что она совсем не разговаривает. Он спросил находившихся рядом: “Что случилось с этой женщиной? Почему она молчит?” Они ответили: “По всей видимости, она вознамерилась совершить хадж, не произнося ни слова”. Тогда Абу Бакр (да будет доволен им Аллах) сказал ей: “Говори! (В нашей религии) так поступать нельзя. Это обычай времён джахилии”. После этого женщина сразу заговорила» (Аль-Бухари: 3834).