Хадис

Алла Тағала мен елшісі тыйған нәрселерден тыйылу керектігі жайында

О необходимости сторониться всего, что запретил Аллах Всевышний, а также всего, от чего предостерегал Его Посланник

Риядус-салихин, 368-тақырып · 1 хадис · № 1808

Хадистер

«فَلْيَحْذَرِ الَّذِينَ يُخَالِفُونَ عَنْ أمْرِهِ أَنْ تُصِيبَهُمْ فِتْنَةٌ أَوْ يُصِيبَهُمْ عَذَابٌ أَلِيمٌ» «Ендеше, Алла елшісінің бұйрығына қайшы келгендер, бастарына бір сынақтың немесе жан төзгісіз азаптың келуінен қорықсын» («Нұр», 63-аят).

«وَيُحَذِّرُكُمُ اللَّهُ نَفْسَهُ» «Алла сендерді Өзіне қарсы келуден сақтандырады» («Әли Имран», 30-аят).

«إِنَّ بَطْشَ رَبِّكَ لَشَدِيدٌ» «Раббыңның бас салып азаптауы, шүбәсіз, өте қатты болады!» («Буруж», 12-аят).

«وَكَذِلكَ أَخْذُ رَبِّكَ إِذَا أَخَذَ الْقُرَى وَهِيَ ظَالِمَةٌ إِنَّ أَخْذَهُ أَلِيمٌ شَدِيدٌ» «Міне, Раббың залым елді мекендердің сазайын бергенде осылай жазалайды. Шүбәсіз, Оның жазасы тым қатты!» («Һуд», 102-аят).

«Так пусть боятся те, кто нарушает веления посланника Аллаха, того, что их постигнет испытание или обрушится на них нестерпимое наказание!» (сура «Нур», 24:63).

«Предостерегает вас Аллах от ослушания и сопротивления Ему» (сура «Али Имран», 3:30).

«Поистине, возмездие твоего Господа сурово!» (сура «Бурудж», 85:12).

«И такова была кара твоего Господа, когда Он обрёк на наказание селения, творившие зло. Поистине, Его кара нестерпима и сурова!» (сура «Худ», 11:102).

1808
Риядус-салихин, № 1808Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ قَالَ: «إِنَّ اللَّهَ تَعَالَى يَغَارُ، وَغَيْرَة اللَّهِ، أَنْ يَأْتِيَ الْمَرْءُ مَا حَرَّمَ اللَّهُ عَلَيْهِ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Пайғамбарымыз ﷺ: «Расында, Алла Тағала қызғанады. Алланың қызғаныш танытуы пенденің Алланың харам еткендерін істеуіне қатысты болады», – деп айтты», – деген (Бұхари: 5223, Муслим: 6995, Ахмад: 10928).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Пророк ﷺ сказал: «Поистине, Аллах Всевышний проявляет ревность. Ревность Аллаха проявляется тогда, когда Его раб совершает то, что Аллах запретил» (Аль-Бухари: 5223; Муслим: 6995; Ахмад: 10928).