Хадис

Бағалы дүниеден садақа беру жайында

О пожертвовании ценного имущества в качестве садаки

Риядус-салихин, 37-тақырып · 1 хадис · № 298

Хадистер

«لَنْ تَنَالُوا الْبِرَّ حَتَّى تُنْفِقُوا مِمَّا تُحِبُّونَ» «Жақсы көрген дүниелеріңнен Алла жолында жұмсамайынша, ізгілікке жете алмайсыңдар...» («Әли Имран» сүресі, 92-аят).

«يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا أَنْفِقُوا مِنْ طَيِّبَاتِ مَا كَسَبْتُمْ وَمِمَّا أَخْرَجْنَا لَكُمْ مِنَ الْأَرْضِ وَلا تَيَمَّمُوا الْخَبِيثَ مِنْهُ تُنْفِقُونَ» «Уа, иман келтіргендер! Тапқан табыстарың мен өндірген өнімдеріңнің және сендер үшін жерден шығарған өнімдеріміздің жақсысынан әрі адалынан садақа беріңдер. Садақаны өздеріңе қадірсіз, нашар дүниелеріңнен беруге құлшынбаңдар...» («Бақара» сүресі, 267-аят).

«Вам не достигнуть благочестия, покуда вы не станете расходовать на пути Аллаха из того, что вы любите» (сура «Али Имран», 3:92).

«О вы, кто уверовал! Жертвуйте благое и дозволенное из того, что вы приобрели, и из того, что произрастили Мы для вас из земли. И не стремитесь жертвовать из имущества нехорошим» (сура «Бакара», 2:267).

298
Риядус-салихин, № 298Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَس قَالَ: كَانَ أَبُو طَلْحَةَ أَكْثَرَ الْأنْصَار بِالْمَدِينَةِ مَالًا مِنْ نَخْل، وَكَانَ أَحَبُّ أمْوالِهِ إِلَيْه بَيْرَحَاء، وَكَانتْ مُسْتَقْبلَةَ الْمَسْجِدِ وَكَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يَدْخُلُهَا وَيَشْرَبُ مِنْ مَاءٍ فِيهَا طَيِّب. قَالَ أنَسٌ: فَلَمَّا نَزَلَتْ هَذِهِ الآيةُ: «لَنْ تَنَالُوا الْبِرَّ حَتَّى تُنْفِقُوا مِمَّا تُحِبُّونَ» قام أَبُو طَلْحَةَ إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ فَقَالَ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، إِنَّ اللَّهَ تَعَالَى أنْزَلَ عَلَيْكَ: «لَنْ تَنَالُوا الْبِرَّ حَتَّى تُنْفِقُوا مِمَّا تُحِبُّونَ» وَإِنَّ أَحَبَّ مَالِى إِلَيَّ بَيْرَحَاءُ، وَإِنَّهَا صَدَقَةٌ لِلَّهِ تَعَالَى، أرْجُو بِرَّهَا، وَذُخْرَهَا عِنْدَ اللَّهِ تَعَالَى، فَضَعْهَا يَا رَسُولَ اللَّهِ حَيْثُ أَرَاكَ اللَّه، فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «بَخ! ذَلِكَ مَالٌ رَابحٌ، ذَلِكَ مَالٌ رَابحٌ، وقَدْ سَمِعْتُ مَا قُلْتَ، وَإِنِّى أرَى أَنْ تَجْعَلَهَا فِى الْأقْرَبينَ»، فَقَالَ أَبُو طَلْحَةَ: أفْعَلُ يَا رَسُولَ اللَّهِ، فَقَسَّمَهَا أَبُو طَلْحَةَ فِى أقَارِبِهِ، وبَنِى عَمِّهِ

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.): «Ансарлардың Мәдинадағы құрма бақшаларының басым бөлігі Әбу Талханың (р.а.) еншісінде еді. Оның ең сүйікті дүниесі Алла елшісінің ﷺ мешітіне қарама-қарсы орналасқан Бәйруха атты құрма бағы болатын. Алла елшісі сол бақшаға жиі барып, балдай тәтті суынан ішіп тұратын еді», – деді.

Әнәс (р.а.) әңгімесін жалғастырып: «Құранның «Жақсы көрген дүниелеріңнен Алла жолында жұмсамайынша, ізгілікке жете алмайсыңдар»1 деген аяты түскенде, Әбу Талха Алла елшісіне келіп: «Уа, Расулалла! Алла Тағала сізге «Жақсы көрген дүниелеріңнен Алла жолында жұмсамайынша, ізгілікке жете алмайсыңдар» деген аятты түсірді. Менің ең жақсы көретін дүнием – Бәйруха. Енді оны Алланың разылығы үшін садақа етіп беремін. Алланың құзырында оның жақсылығын көруді, әрі мен үшін сауап қоры болуын тілеймін. Уа, Расулалла! Сіз соны қабыл алып, Алланың қалауы бойынша пайдаланыңыз», – деді. Сонда Алла елшісі оған: «Бәрекелді, жарайсың! Мол табыс әкелетін дүние, міне, осы», – деп екі қайтара айтып, «Сенің айтқаныңды естідім (яғни, шынайы ықыласыңды көрдім). Алайда оны жақын туыстарыңа бөліп бергенің дұрыс болады деп ойлаймын», – деді. Сонда Әбу Талха (р.а.): «Уа, Расулалла! Ендеше, айтқаныңыз болсын, солай істейін», – деді де, бақшаны ет жақындары мен немере аға-інілеріне үлестіріп берді», – деп айтты (Бұхари: 1461; Муслим: 2315; Ахмад: 13688).

Орысша аудармасы

Анас (да будет доволен им Аллах) сказал: «Среди ансаров Медины Абу Тальха (да будет доволен им Аллах) был самым богатым владельцем финиковых садов. Самым любимым его имуществом был финиковый сад Байруха, расположенный напротив мечети Посланника Аллаха ﷺ. Посланник Аллаха ﷺ часто заходил в этот сад и пил его сладкую, словно мёд, воду».

Продолжая свой рассказ, Анас (да будет доволен им Аллах) сказал: «Когда был ниспослан аят Корана: “Вы не достигнете благочестия, пока не станете расходовать на пути Аллаха то, что любите”1, Абу Тальха пришёл к Посланнику Аллаха ﷺ и сказал: “О Посланник Аллаха ﷺ! Аллах Всевышний ниспослал тебе аят: ‘Вы не достигнете благочестия, пока не станете расходовать на пути Аллаха то, что любите’. Самое любимое из моего имущества – Байруха. Отныне я отдаю его в качестве садаки ради довольства Аллаха. Я надеюсь обрести за него благо у Аллаха и желаю, чтобы он стал для меня запасом награды. О Посланник Аллаха ﷺ! Прими его и распорядись им по воле Аллаха”.

Тогда Посланник Аллаха ﷺ дважды произнёс: “Прекрасно, молодец! Вот имущество, которое принесёт большую прибыль!” – а затем сказал: “Я услышал твои слова (то есть увидел твою искренность). Однако считаю, что тебе лучше разделить его между близкими родственниками”. Абу Тальха (да будет доволен им Аллах) ответил: “О Посланник Аллаха ﷺ! Пусть будет так, как ты сказал, я так и поступлю”, – после чего разделил сад между своими близкими родственниками и двоюродными братьями» (Аль-Бухари: 1461; Муслим: 2315; Ахмад: 13688).

  1. 1«Әли Имран» сүресі, 92-аят
  1. 1Сура «Али Имран», аят 92.