Хадис

Ізгі жандарға, әлсіздер мен міскіндерге зиян тигізуден сақтандыру жайында

О предостережении от причинения вреда праведным, слабым и неимущим

Риядус-салихин, 48-тақырып · 1 хадис · № 390

Хадистер

«وَالَّذِينَ يُؤْذُونَ الْمُؤْمِنِينَ وَالْمُؤْمِنَاتِ بِغَيْرِ مَا اكْتَسَبُوا فَقَدِ احْتَمَلُوا بُهْتَانًا وَإِثْمًا مُبِينًا» «Мүмін ерлерді және мүмін әйелдерді нақақтан-нақақ ренжіткендер қып-қызыл жала жапқан, һәм де анық күнә арқалаған болады» («Аһзаб» сүресі, 58-аят).

«فَأَمَّا الْيَتِيمَ فَلَا تَقْهَرْ وَأَمَّا السَّائِلَ فَلَا تَنْهَرْ» «Ендеше, жетімді жәбірлеуші болма! Һәм қайыр сұрап келгендерді жекіп, қума!» («Духа» сүресі, 9,10-аят)

Аталған бабқа қатысты хадистер көп. Мысалы: №260, 261, 386 хадистер осы бабқа да қатысты қарастырылады.

«Также и те, кто бесправно оскорбляет верующих мужчин и верующих женщин, понесут бремя клеветы и явного греха» (сура «Ахзаб», 33:58).

«Посему не притесняй сироту! И не унижай и не гони просящего» (сура «Духа», 93:9–10).

390
Риядус-салихин, № 390Риуаят етуші: Жундуб ибн Абдулла (р.а.)

عَنْ جندب بْنِ عَبْدِ اللَّهِ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَنْ صَلَّى صَلَاةَ الصُّبْحِ، فَهُوَ فِى ذِمَّةِ اللَّه، فَلَا يَطْلُبَنَّكُمُ اللَّه مِنْ ذِمَّتِهِ بِشَيْءٍ، فَإِنَّهُ مَنْ يَطْلُبُهُ مِنْ ذِمَّتِهِ بِشَيْءٍ يُدْرِكْهُ، ثُمَّ يَكُبُّهُ عَلَى وَجْهِهِ فِى نَارِ جَهَنَّمَ»

Қазақша аудармасы

Жундуб ибн Абдуллаһ (р.а.): «Алла елшісі ﷺ: «Таң намазын оқыған адам Алланың қорғанында болады. Алла Тағала қорғанындағы жан үшін ешбіріңді жауапқа тартпасын. Өйткені Алла Тағала кімді Өзінің қорғанына алған жан үшін жауапқа тартатын болса, оны ұстап, етпетінен тозаққа тастайды», – деп айтты» – деген (Муслим: 1494; Ахмад: 18814).

Орысша аудармасы

Джундуб ибн Абдуллах (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Тот, кто совершил утреннюю молитву, находится под защитой Аллаха. Пусть же Аллах Всевышний не призовёт никого из вас к ответу за человека, находящегося под Его защитой. Ведь если Аллах Всевышний призовёт кого-либо к ответу за того, кого Он взял под Свою защиту, то настигнет его и повергнет лицом в адский огонь» (Муслим: 1494; Ахмад: 18814).