Хадис

Адамдармен жүздескенде жақсы сөз айтып, жылы жүзді болу керектігі жайында

О том, что при встрече с людьми следует говорить добрые слова и быть приветливым

Риядус-салихин, 88-тақырып · 3 хадис · № 694–696

Хадистер

«وَاخْفِضْ جَنَاحَكَ لِلْمُؤْمِنِينَ» «Мүміндерге жанашырлықпен кішіпейіл бол!». («Хижр» сүресі, 88-аят).

«وَلَوْ كُنْتَ فَظًّا غَلِيظَ الْقَلْبِ لانْفَضُّوا مِنْ حَوْلِكَ» «Егер дөрекі, тас жүрек болғаныңда, маңайыңдағылардың бәрі сенен безіп, жан-жаққа тарап кетер еді». («Әли Имран» сүресі, 159-аят)

«И склони свое крыло к верующим!» (сура «Хиджр», 15:88).

«А ежели ты был бы груб и жестокосерд, то разбежались бы они» (сура «Али Имран», 3:159).

694
Риядус-салихин, № 694Риуаят етуші: Ади ибн Хатим (р.а.)

عَنْ عدي بْنِ حاتمٍ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «اتَّقُوا النَّارَ وَلَوْ بِشِقِّ تَمْرَةٍ فَمَنْ لَمْ يَجِدْ فَبِكَلِمَةٍ طَيِّبَةٍ»

Қазақша аудармасы

Ади ибн Хатимнен (р.а.) жеткен хадисте: «Расулалла ﷺ: «Жарты құрмамен болса да, (садақа беру арқылы) тозақ отынан сақтаныңдар», – деп айтты», – делінген (Бұхари: 6540; Муслим: 2349; Ахмад: 18253).

Орысша аудармасы

В хадисе, переданном Ади ибн Хатимом (да будет доволен им Аллах), сообщается, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Уберегите себя от огня ада хотя бы половинкой финика (подав её в качестве милостыни). А кто не найдёт и этого, пусть защитится добрым словом» (Аль-Бухари: 6540; Муслим: 2349; Ахмад: 18253).

695
Риядус-салихин, № 695Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ قَالَ: «وَالكَلِمَةُ الطَّيِّبَةُ صَدَقَةٌ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте: «Пайғамбарымыз ﷺ: «Жылы сөз де садақа», – деді», – деген (Бұхари: 2989; Муслим: 2335; Ахмад: 8183).

Орысша аудармасы

Передаётся со слов Абу Хурайры (да будет доволен им Аллах), что Пророк ﷺ сказал: «Доброе слово – тоже садака» (Аль-Бухари: 2989; Муслим: 2335; Ахмад: 8183).

696
Риядус-салихин, № 696Риуаят етуші: Әбу Зәрр (р.а.)

عَنْ أَبِى ذَرٍّ قَالَ: قَالَ لِى رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «لَا تَحْقِرَنَّ مِنَ الْمَعْرُوفِ شَيْئًا، وَلَوْ أَنْ تَلْقَى أخَاكَ بوَجْهٍ طَلْقٍ»

Қазақша аудармасы

Әбу Зәрр (р.а.): «Алла елшісі ﷺ маған: «(Мұсылман) бауырыңды жылы жүзбен қарсы алғаныңдай, аз да болса жақсылықтың ешбір түрін қомсынба», – деп айтты», – деген (Муслим: 6690).

Орысша аудармасы

Абу Зарр (да будет доволен им Аллах) рассказывал: «Посланник Аллаха ﷺ сказал мне: “Не пренебрегай никаким добрым делом, сколь бы малым оно ни было, даже приветливой встречей со своим (мусульманским) братом”» (Муслим: 6690).