Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 503

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
11. Жұма кітабыكِتَابُ الْجُمُعَةِ
бап
8. Ауылдар мен қалаларда жұма намазын оқу туралыبَابُ الْجُمُعَةِ فِي الْقُرَى وَالْمُدُنِ
Нөмірі
№ 503 (Мухтасар реті) · Сахих: № 893
503
Бұхари, № 503 · Сахих: 893Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

عَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «كُلُّكُمْ رَاعٍ، وَكُلُّكُمْ مَسْؤُولٌ عَنْ رَعِيَّتِهِ، الْإِمَامُ رَاعٍ وَمَسْؤُولٌ عَنْ رَعِيَّتِهِ، وَالرَّجُلُ رَاعٍ فِي أَهْلِهِ وَهُوَ مَسْؤُولٌ عَنْ رَعِيَّتِهِ، وَالْمَرْأَةُ رَاعِيَةٌ فِي بَيْتِ زَوْجِهَا وَمَسْؤُولَةٌ عَنْ رَعِيَّتِهَا، وَالْخَادِمُ رَاعٍ فِي مَالِ سَيِّدِهِ وَمَسْؤُولٌ عَنْ رَعِيَّتِهِ». قَالَ: وَحَسِبْتُ أَنْ قَدْ قَالَ: «وَالرَّجُلُ رَاعٍ فِي مَالِ أَبِيهِ وَمَسْؤُولٌ عَنْ رَعِيَّتِهِ، وَكُلُّكُمْ رَاعٍ وَمَسْؤُولٌ عَنْ رَعِيَّتِهِ».

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Омар (р.а.): «Алла Елшісінің (с.а.с.): “Барлығың да бақташысыңдар әрі барлығың да өз қарамағыңдағылар үшін жауаптысыңдар. Басшы – бақташы әрі өз қарамағындағы ел үшін жауапты. Ер адам – отбасының бақташысы әрі өз отбасы үшін жауапты. Әйел – күйеуінің үйіндегі бақташы әрі өз қарамағындағылар үшін жауапты. Қызметші – қожайынының мал-мүлкінің бақташысы әрі сол үшін жауапты”, – дегенін естідім», – деген.

Ибн Омар (р.а.): «Меніңше, Алла Елшісі (с.а.с.): “Адам әкесінің мал-мүлкінің бақташысы әрі сол үшін жауапты. Барлығың да бақташысыңдар әрі барлығың да өз қарамағыңдағылар үшін жауаптысыңдар”, – деп те айтқан», – деген.