Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 510

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
11. Жұма кітабыكِتَابُ الْجُمُعَةِ
бап
14. Мұсылман бауырын орнынан тұрғызып, оның орнына отырмау туралыبَابُ لَا يُقِيمُ الرَّجُلُ أَخَاهُ وَيَقْعُدُ فِي مَكَانِهِ
Нөмірі
№ 510 (Мухтасар реті) · Сахих: № 911
510
Бұхари, № 510 · Сахих: 911Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

عَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «نَهَى النَّبِيُّ ﷺ أَنْ يُقِيمَ الرَّجُلُ أَخَاهُ مِنْ مَقْعَدِهِ وَيَجْلِسَ فِيهِ». قُلْتُ لِنَافِعٍ: «الْجُمُعَةَ؟» قَالَ: «الْجُمُعَةَ وَغَيْرَهَا».

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.): «Пайғамбар (с.а.с.) адамның мұсылман бауырын отырған орнынан тұрғызып, оның орнына отыруына тыйым салды», – деген. Риуаятшы: «Мен Нафиғтан: “Бұл жұма күніне қатысты ма?” – деп сұрадым. Ол: “Жұма күніне де, басқа күндерге де қатысты”, – деді», – деген.