Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 528

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
12. Қауіп намазы кітабыكِتَابُ صَلَاةِ الْخَوْفِ
бап
3. Дұшпанды қуып келе жатқан не қуғынға түскен адамның көлік үстінде әрі ишарамен намаз оқуы туралыبَابُ صَلَاةِ الطَّالِبِ وَالْمَطْلُوبِ رَاكِبًا وَإِيمَاءً
Нөмірі
№ 528 (Мухтасар реті) · Сахих: № 946
528
Бұхари, № 528 · Сахих: 946Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

وَعَنْهُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: قَالَ النَّبِيُّ ﷺ لَنَا لَمَّا رَجَعَ مِنَ الْأَحْزَابِ: «لَا يُصَلِّيَنَّ أَحَدٌ الْعَصْرَ إِلَّا فِي بَنِي قُرَيْظَةَ». فَأَدْرَكَ بَعْضَهُمُ الْعَصْرُ فِي الطَّرِيقِ، فَقَالَ بَعْضُهُمْ: «لَا نُصَلِّي حَتَّى نَأْتِيَهَا»، وَقَالَ بَعْضُهُمْ: «بَلْ نُصَلِّي، لَمْ يُرَدْ مِنَّا ذَلِكَ»، فَذُكِرَ لِلنَّبِيِّ ﷺ، فَلَمْ يُعَنِّفْ وَاحِدًا مِنْهُمْ.

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.) былай деген: «Пайғамбар (с.а.с.) Ахзаб жорығынан қайтып келгенде бізге: “Ешкім екінті намазын Бәну Қурайзаға жетпей оқымасын”, – деді. Олардың кейбірі әлі жолда келе жатқанда, екінті намазының уақыты кірді. Сонда бір тобы: “Бәну Қурайзаға жетпейінше намаз оқымаймыз”, – деді. Екінші тобы: “Жоқ, намазымызды оқимыз. Бізден мұндай нәрсе талап етілген жоқ”, – деді. Бұл жағдай Пайғамбарға (с.а.с.) айтылғанда, ол (с.а.с.) олардың ешқайсысын жазғырмады».