Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 547

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
14. Үтір намазы кітабыكِتَابُ الْوِتْرِ
бап
5. Құнытты рукуғтан бұрын және кейін оқу туралыبَابُ الْقُنُوتِ قَبْلَ الرُّكُوعِ وَبَعْدَهُ
Нөмірі
№ 547 (Мухтасар реті) · Сахих: № 1002
547
Бұхари, № 547 · Сахих: 1002Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

وَعَنْهُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّهُ سُئِلَ عَنِ الْقُنُوتِ، فَقَالَ: «قَدْ كَانَ الْقُنُوتُ». قُلْتُ: «قَبْلَ الرُّكُوعِ أَوْ بَعْدَهُ؟» قَالَ: «قَبْلَهُ». قُلْتُ: «فَإِنَّ فُلَانًا أَخْبَرَنِي عَنْكَ أَنَّكَ قُلْتَ: “بَعْدَ الرُّكُوعِ”»، فَقَالَ: «كَذَبَ، إِنَّمَا قَنَتَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ بَعْدَ الرُّكُوعِ شَهْرًا، أُرَاهُ كَانَ بَعَثَ قَوْمًا يُقَالُ لَهُمْ الْقُرَّاءُ، زُهَاءَ سَبْعِينَ رَجُلًا، إِلَى قَوْمٍ مِنَ الْمُشْرِكِينَ دُونَ أُولَئِكَ، وَكَانَ بَيْنَهُمْ وَبَيْنَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ عَهْدٌ، فَقَنَتَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ شَهْرًا يَدْعُو عَلَيْهِمْ».

Қазақша аудармасы

Әнәстен (р.а.) құныт жайында сұралғанда, ол: «Құныт оқылатын еді», – деген.

Риуаят етуші былай деген: «Мен: “Рукуғтан бұрын ба, әлде одан кейін бе?” – деп сұрадым. Ол: “Рукуғтан бұрын”, – деді. Мен: “Пәленше маған сіздің: ‘Рукуғтан кейін’, – дегеніңізді хабарлады”, – дедім. Сонда ол: “Ол қате айтты. Алла Елшісі (с.а.с.) рукуғтан кейін бір ай ғана құныт оқыды. Меніңше, ол ‘қарилар’ деп аталатын жетпіске жуық адамды мүшріктердің бір қауымына жіберген еді. Ал олардан өзге, Алла Елшісімен (с.а.с.) келісімі бар қауымға қарсы Алла Елшісі (с.а.с.) бір ай бойы дұға етіп, құныт оқыды”, – деді».