Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 565

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
16. Күн тұтылу кітабыكِتَابُ الْكُسُوفِ
бап
1. Күн тұтылған кезде намаз оқу туралыبَابُ الصَّلَاةِ فِي كُسُوفِ الشَّمْسِ
Нөмірі
№ 565 (Мухтасар реті) · Сахих: № 1040, 1043
565
Бұхари, № 565 · Сахих: 1040, 1043Риуаят етуші: Әбу Бәкра (р.а.)

عَنْ أَبِي بَكْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: كُنَّا عِنْدَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ فَانْكَسَفَتِ الشَّمْسُ، فَقَامَ النَّبِيُّ ﷺ يَجُرُّ رِدَاءَهُ حَتَّى دَخَلَ الْمَسْجِدَ، فَدَخَلْنَا، فَصَلَّى بِنَا رَكْعَتَيْنِ حَتَّى اِنْجَلَتِ الشَّمْسُ، فَقَالَ ﷺ: «إِنَّ الشَّمْسَ وَالْقَمَرَ لَا يَنْكَسِفَانِ لِمَوْتِ أَحَدٍ، فَإِذَا رَأَيْتُمُوهُمَا، فَصَلُّوا، وَادْعُوا حَتَّى يُكْشَفَ مَا بِكُمْ».

Қазақша аудармасы

Әбу Бәкра (р.а.) былай деген: «Біз Алла Елшісінің (с.а.с.) жанында отырған едік. Кенет күн тұтылды. Сонда Пайғамбар (с.а.с.) жамылғысын сүйреткен күйі орнынан тұрып, мешітке кірді. Біз де оның артынан кірдік. Ол күн қайта ашылғанға дейін бізге екі рәкәғат намаз оқытты. Содан кейін Пайғамбар (с.а.с.): “Расында, күн мен ай ешкімнің қайтыс болуына байланысты тұтылмайды. Олардың тұтылғанын көрсеңдер, бұл жағдай сейілгенге дейін намаз оқып, дұға етіңдер”, – деді».