عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا أَنَّ يَهُودِيَّةً جَاءَتْ تَسْأَلُهَا فَقَالَتْ لَهَا: «أَعَاذَكِ اللَّهُ مِنْ عَذَابِ الْقَبْرِ». فَسَأَلَتْ عَائِشَةُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا رَسُولَ اللَّهِ ﷺ: «أَيُعَذَّبُ النَّاسُ فِي قُبُورِهِمْ؟» فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «عَائِذًا بِاللَّهِ مِنْ ذَلِكَ». ثُمَّ ذَكَرَتْ حَدِيثَ الْكُسُوفِ، ثُمَّ قَالَتْ فِي آخِرِهِ: «ثُمَّ أَمَرَهُمْ أَنْ يَتَعَوَّذُوا مِنْ عَذَابِ الْقَبْرِ».
Айшаның (р.а.) айтуынша, бір яһуди әйел оған қайыр сұрап келіп: «Алла сені қабір азабынан сақтасын», – деді. Сонда Айша (р.а.) Алла Елшісінен (с.а.с.): «Адамдар қабірлерінде азаптала ма?» – деп сұрады. Алла Елшісі (с.а.с.): «Мұндай азаптан Аллаға сиынамын», – деп жауап берді. Содан кейін Айша күн тұтылу туралы хадисті баяндап, соңында: «Кейін ол адамдарға қабір азабынан Аллаға сиынуды бұйырды», – деген.