Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 587

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
18. Намазды қысқартып оқу туралы баптарأَبْوَابُ تَقْصِيرِ الصَّلَاةِ
бап
4. Сапарда ақшам намазын үш рәкәғат етіп оқу туралыبَابُ يُصَلِّي الْمَغْرِبَ ثَلَاثًا فِي السَّفَرِ
Нөмірі
№ 587 (Мухтасар реті) · Сахих: № 1092
587
Бұхари, № 587 · Сахих: 1092Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «رَأَيْتُ النَّبِيَّ ﷺ إِذَا أَعْجَلَهُ السَّيْرُ يُؤَخِّرُ الْمَغْرِبَ فَيُصَلِّيهَا ثَلَاثًا ثُمَّ يُسَلِّمُ، ثُمَّ قَلَّمَا يَلْبَثُ حَتَّى يُقِيمَ الْعِشَاءَ فَيُصَلِّيهَا رَكْعَتَيْنِ ثُمَّ يُسَلِّمُ، وَلَا يُسَبِّحُ بَعْدَ الْعِشَاءِ حَتَّى يَقُومَ مِنْ جَوْفِ اللَّيْلِ».

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Омар (р.а.): «Пайғамбардың (с.а.с.) жол жүруге асыққан кезінде ақшам намазын кешіктіріп, оны үш рәкәғат оқып, сәлем бергенін көрдім. Содан кейін көп кідірместен құптан намазына қамат айтқызып, оны екі рәкәғат оқып, сәлем беретін. Құптан намазынан кейін түн ортасында намазға тұрғанға дейін нәпіл намаз оқымайтын», – деген.