Хадис
كِتَابُ فَضْلِ الصَّلَاةِ فِي مَسْجِدِ مَكَّةَ وَالْمَدِينَةِ

Мекке мен Мәдина мешіттерінде намаз оқудың артықшылығы туралы кітап

Сахих әл-Бұхари, 20-кітап · 4 хадис · № 626–629

بَابُ فَضْلِ الصَّلَاةِ فِي مَسْجِدِ مَكَّةَ وَالْمَدِينَةِ

1-бапМекке мен Мәдина мешіттерінде намаз оқудың артықшылығы туралы

626
Бұхари, № 626 · Сахих: 1189Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «لَا تُشَدُّ الرِّحَالُ إِلَّا إِلَى ثَلَاثَةِ مَسَاجِدَ: الْمَسْجِدِ الْحَرَامِ، وَمَسْجِدِ الرَّسُولِ ﷺ، وَمَسْجِدِ الْأَقْصَى».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайраның (р.а.) айтуынша, Пайғамбар (с.а.с.): «Арнайы сапар тек үш мешітке ғана жасалады: Харам мешітіне, Алла Елшісінің (с.а.с.) мешітіне және Ақса мешітіне», – деген.

627
Бұхари, № 627 · Сахих: 1190Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

وَعَنْهُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ قَالَ: «صَلَاةٌ فِي مَسْجِدِي هَذَا خَيْرٌ مِنْ أَلْفِ صَلَاةٍ فِيمَا سِوَاهُ، إِلَّا الْمَسْجِدَ الْحَرَامَ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайраның (р.а.) айтуынша, Пайғамбар (с.а.с.): «Менің осы мешітімде оқылған бір намаз Харам мешітін қоспағанда, өзге мешіттерде оқылған мың намаздан қайырлы», – деген.

بَابُ مَسْجِدِ قُبَاءٍ

2-бапҚұба мешіті туралы

628
Бұхари, № 628 · Сахих: 1191, 1192Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

عَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا أَنَّهُ كَانَ لَا يُصَلِّي مِنَ الضُّحَى إِلَّا فِي يَوْمَيْنِ: يَوْمَ يَقْدَمُ مَكَّةَ، فَإِنَّهُ كَانَ يَقْدَمُهَا ضُحًى فَيَطُوفُ ثُمَّ يُصَلِّي رَكْعَتَيْنِ خَلْفَ الْمَقَامِ، وَيَوْمَ يَأْتِي مَسْجِدَ قُبَاءٍ فَإِنَّهُ كَانَ يَأْتِيهِ كُلَّ سَبْتٍ فَإِذَا دَخَلَ الْمَسْجِدَ كَرِهَ أَنْ يَخْرُجَ مِنْهُ حَتَّى يُصَلِّيَ فِيهِ.

وَكَانَ يُحَدِّثُ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ كَانَ يَزُورُهُ رَاكِبًا وَمَاشِيًا، وَكَانَ يَقُولُ: «إِنَّمَا أَصْنَعُ كَمَا رَأَيْتُ أَصْحَابِي يَصْنَعُونَ، وَلَا أَمْنَعُ أَحَدًا أَنْ يُصَلِّيَ فِي أَيِّ سَاعَةٍ شَاءَ مِنْ لَيْلٍ أَوْ نَهَارٍ غَيْرَ أَنْ لَا تَتَحَرَّوْا طُلُوعَ الشَّمْسِ وَلَا غُرُوبَهَا».

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.) сәске уақытында екі жағдайда ғана намаз оқитын. Біріншісі – Меккеге келген күні. Ол Меккеге сәске кезінде келіп, Қағбаны тауап ететін де, содан кейін Ибраһим мақамының артында екі рәкәғат намаз оқитын. Екіншісі – Құба мешітіне барған күні. Ол Құба мешітіне әр сенбі сайын баратын. Мешітке кіргеннен кейін онда намаз оқымай шығып кетуді ұнатпайтын.

Сондай-ақ Ибн Омар (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.) Құба мешітіне кейде көлікпен, кейде жаяу барып зиярат ететінін жеткізетін. Ибн Омар (р.а.): «Мен сахабалардың қалай істегенін көрсем, солай ғана істеймін. Ешкімге түннің не күндіздің өзі қалаған уақытында намаз оқуына тыйым салмаймын. Алайда намаз оқуды күн шығып немесе батып жатқан уақытқа әдейі тураламаңдар», – дейтін.

بَابُ فَضْلِ مَا بَيْنَ الْقَبْرِ وَالْمِنْبَرِ

3-бапҚабір мен мінбер арасындағы жердің артықшылығы туралы

629
Бұхари, № 629 · Сахих: 1196Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «مَا بَيْنَ بَيْتِي وَمِنْبَرِي رَوْضَةٌ مِنْ رِيَاضِ الْجَنَّةِ، وَمِنْبَرِي عَلَى حَوْضِي».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайраның (р.а.) айтуынша, Пайғамбар (с.а.с.): «Менің үйім мен мінберімнің арасы – жәннат бақтарының бір бағы. Ал мінберім менің хауызымның үстінде болады», – деген.