Хадис
كِتَابُ التَّهَجُّدِ

Тәһәжжуд кітабы

Сахих әл-Бұхари, 19-кітап · 30 хадис · № 596–625

Мазмұны: 23 бап
  1. 1Түнде тәһәжжуд намазын оқу туралы
  2. 2Түнгі намаздың артықшылығы туралы
  3. 3Науқастанған кезде түнгі намазды тәрк ету туралы
  4. 4Пайғамбардың (с.а.с.) түнгі және нәпіл намаздарды міндетті етпей, оларды оқуға ынталандыруы туралы
  5. 5Пайғамбардың (с.а.с.) аяқтары ісінгенше намаз оқуы туралы
  6. 6Сәресі уақытында ұйықтаған адам туралы
  7. 7Түнгі намазда ұзақ уақыт тік тұру туралы
  8. 8Пайғамбардың (с.а.с.) намазы қандай еді және ол түнде қанша рәкәғат оқитын?
  9. 9Пайғамбардың (с.а.с.) ұйқысынан тұрып түнгі намаз оқуы және түнгі намазға қатысты кейбір үкімдердің күші жойылуы туралы
  10. 10Түнде намаз оқымаған адамның желкесіне шайтанның түйін байлауы туралы
  11. 11Ұйықтап қалып, намаз оқымаған адамның құлағына шайтанның кіші дәрет сындыруы туралы
  12. 12Түннің соңғы бөлігінде дұға ету және намаз оқу туралы
  13. 13Түннің алғашқы бөлігінде ұйықтап, соңғы бөлігін ғибадатпен өткізген адам туралы
  14. 14Пайғамбардың (с.а.с.) рамазанда және өзге айларда түнгі намаз оқуы туралы
  15. 15Құлшылықта өзіне шамадан тыс ауырлық салудың мәкруһ екені туралы
  16. 16Түнгі намазға тұрып жүрген адамның оны тәрк етуінің мәкруһ екені туралы
  17. 17Түнде оянып, намаз оқыған адамның артықшылығы туралы
  18. 18Нәпіл намазды екі рәкәғаттан оқу туралы риуаяттар
  19. 19Таң намазының алдындағы екі рәкәғатты ұдайы оқу және оны нәпіл намаз деп атағандар туралы
  20. 20Таң намазының алдындағы екі рәкәғатта не оқылатыны туралы
  21. 21Сәске намазын тұрғылықты жерде оқу туралы
  22. 22Бесін намазының алдында намаз оқу туралы
  23. 23Ақшам намазының алдында намаз оқу туралы
بَابُ التَّهَجُّدِ بِاللَّيْلِ

1-бапТүнде тәһәжжуд намазын оқу туралы

596
Бұхари, № 596 · Сахих: 1120Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ إِذَا قَامَ مِنَ اللَّيْلِ يَتَهَجَّدُ، قَالَ: «اللَّهُمَّ لَكَ الْحَمْدُ، أَنْتَ قَيِّمُ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ وَمَنْ فِيهِنَّ، وَلَكَ الْحَمْدُ، أَنْتَ مَلِكُ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ وَمَنْ فِيهِنَّ، وَلَكَ الْحَمْدُ، أَنْتَ نُورُ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ، وَلَكَ الْحَمْدُ، أَنْتَ الْحَقُّ وَوَعْدُكَ الْحَقُّ، وَلِقَاؤُكَ حَقٌّ، وَقَوْلُكَ حَقٌّ، وَالْجَنَّةُ حَقٌّ، وَالنَّارُ حَقٌّ، وَالنَّبِيُّونَ حَقٌّ، وَمُحَمَّدٌ ﷺ حَقٌّ، وَالسَّاعَةُ حَقٌّ،

اللَّهُمَّ لَكَ أَسْلَمْتُ، وَبِكَ آمَنْتُ، وَعَلَيْكَ تَوَكَّلْتُ، وَإِلَيْكَ أَنَبْتُ، وَبِكَ خَاصَمْتُ، وَإِلَيْكَ حَاكَمْتُ، فَاغْفِرْ لِي مَا قَدَّمْتُ وَمَا أَخَّرْتُ، وَمَا أَسْرَرْتُ وَمَا أَعْلَنْتُ، أَنْتَ الْمُقَدِّمُ وَأَنْتَ الْمُؤَخِّرُ، لَا إِلَهَ إِلَّا أَنْتَ – أَوْ لَا إِلَهَ غَيْرُكَ – وَلَا حَوْلَ وَلَا قُوَّةَ إِلَّا بِاللَّهِ».

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.) былай деген: «Алла Елшісі (с.а.с.) түнде тәһәжжуд намазын оқу үшін тұрған кезде: “Уа, Алла! Барлық мадақ Саған тән. Сен көктерді, жерді және олардағылардың бәрін басқарып, ұстап тұрушысың. Барлық мадақ Саған тән. Сен көктердің, жердің және олардағылардың бәрінің Патшасысың. Барлық мадақ Саған тән. Сен көктер мен жердің нұрысың. Барлық мадақ Саған тән. Сен – Хақсың. Сенің уәдең – хақ. Саған жолығу – хақ. Сенің сөзің – хақ. Жәннат – хақ. Тозақ – хақ. Пайғамбарлар – хақ. Мұхаммед (с.а.с.) – хақ. Қиямет – хақ.

Уа, Алла! Мен Саған бойсұндым, Саған иман келтірдім, Саған тәуекел еттім, Саған бет бұрдым, Сен берген дәлелмен дауластым және үкімді Өзіңе тапсырдым. Менің бұрынғы және кейінгі, жасырын және жария жасаған күнәларымды кешіре гөр. Сен – алға шығарушысың әрі кейін қалдырушысың. Сенен басқа құлшылыққа лайық ешбір тәңір жоқ”, – немесе: “Сенен өзге құлшылыққа лайық ешбір тәңір жоқ”, – деп, соңында: “Күш те, қуат та тек Алланың жәрдемімен болады”, – дейтін».

بَابُ فَضْلِ قِيَامِ اللَّيْلِ

2-бапТүнгі намаздың артықшылығы туралы

597
Бұхари, № 597 · Сахих: 1121, 1122Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

عَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: كَانَ الرَّجُلُ فِي حَيَاةِ النَّبِيِّ ﷺ إِذَا رَأَى رُؤْيَا قَصَّهَا عَلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ. فَتَمَنَّيْتُ أَنْ أَرَى رُؤْيَا، فَأَقُصَّهَا عَلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، وَكُنْتُ غُلَامًا شَابًّا، وَكُنْتُ أَنَامُ فِي الْمَسْجِدِ عَلَى عَهْدِ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ.

فَرَأَيْتُ فِي النَّوْمِ كَأَنَّ مَلَكَيْنِ أَخَذَانِي، فَذَهَبَا بِي إِلَى النَّارِ، فَإِذَا هِيَ مَطْوِيَّةٌ كَطَيِّ الْبِئْرِ، وَإِذَا لَهَا قَرْنَانِ، وَإِذَا فِيهَا أُنَاسٌ قَدْ عَرَفْتُهُمْ، فَجَعَلْتُ أَقُولُ: «أَعُوذُ بِاللَّهِ مِنَ النَّارِ». قَالَ: فَلَقِيَنَا مَلَكٌ آخَرُ فَقَالَ لِي: «لَمْ تُرَعْ». فَقَصَصْتُهَا عَلَى حَفْصَةَ، فَقَصَّتْهَا حَفْصَةُ عَلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، فَقَالَ: «نِعْمَ الرَّجُلُ عَبْدُ اللَّهِ، لَوْ كَانَ يُصَلِّي مِنَ اللَّيْلِ». فَكَانَ بَعْدُ لَا يَنَامُ مِنَ اللَّيْلِ إِلَّا قَلِيلًا.

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.) былай деген: «Пайғамбардың (с.а.с.) көзі тірісінде бір адам түс көрсе, оны Алла Елшісіне (с.а.с.) айтып беретін. Мен де бір түс көріп, оны Алла Елшісіне (с.а.с.) айтып берсем екен деп тілейтінмін. Ол кезде мен жас жігіт едім әрі Алла Елшісінің (с.а.с.) дәуірінде мешітте ұйықтайтынмын.

Бірде түсімде екі періште мені ұстап алып, тозаққа алып барды. Қарасам, тозақ құдық секілді қаланған, екі тірегі бар екен. Оның ішінде өзім танитын адамдар да болды. Сонда мен: “Тозақтан Аллаға сиынамын!” – деп айта бастадым. Осы кезде алдымыздан тағы бір періште шығып, маған: “Қорықпа”, – деді. Бұл түсімді Хафсаға айтып бердім. Хафса оны Алла Елшісіне (с.а.с.) жеткізді. Сонда ол: “Абдулла неткен жақсы адам! Түнде намаз оқыса ғой!” – деді». Осыдан кейін Абдулла түнде аз ғана уақыт ұйықтайтын болды.

بَابُ تَرْكِ الْقِيَامِ لِلْمَرِيضِ

3-бапНауқастанған кезде түнгі намазды тәрк ету туралы

598
Бұхари, № 598 · Сахих: 1124Риуаят етуші: Жундуб ибн Абдулла (р.а.)

عَنْ جُنْدَبِ بْنِ عَبْدِ اللَّهِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «اِشْتَكَى النَّبِيُّ ﷺ فَلَمْ يَقُمْ لَيْلَةً أَوْ لَيْلَتَيْنِ».

Қазақша аудармасы

Жундуб ибн Абдулла (р.а.): «Пайғамбар (с.а.с.) науқастанып, бір немесе екі түн түнгі намазға тұрмады», – деген.

بَابُ تَحْرِيضِ النَّبِيِّ ﷺ عَلَى صَلَاةِ اللَّيْلِ وَالنَّوَافِلِ مِنْ غَيْرِ إِيجَابٍ

4-бапПайғамбардың (с.а.с.) түнгі және нәпіл намаздарды міндетті етпей, оларды оқуға ынталандыруы туралы

599
Бұхари, № 599 · Сахих: 1127Риуаят етуші: Әли (р.а.)

عَنْ عَلِيِّ بْنِ أَبِي طَالِبٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ طَرَقَهُ وَفَاطِمَةَ ابْنَتَهُ ﷺ لَيْلَةً، فَقَالَ: «أَلَا تُصَلِّيَانِ؟» فَقُلْتُ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، أَنْفُسُنَا بِيَدِ اللَّهِ، فَإِذَا شَاءَ أَنْ يَبْعَثَنَا بَعَثَنَا»، فَانْصَرَفَ حِينَ قُلْنَا ذَلِكَ، وَلَمْ يَرْجِعْ إِلَيَّ شَيْئًا، ثُمَّ سَمِعْتُهُ وَهُوَ مُوَلٍّ يَضْرِبُ فَخِذَهُ، وَهُوَ يَقُولُ: ﴿وَكَانَ الْإِنْسَانُ أَكْثَرَ شَيْءٍ جَدَلًا﴾ [الْكَهْفِ: 54].

Қазақша аудармасы

Әли ибн Әбу Талиб (р.а.) былай деген: «Бір түні Пайғамбар (с.а.с.) қызы Фатима екеуіміздің үйімізге келіп: “Намаз оқымайсыңдар ма?” – деді. Мен: “Уа, Расулалла! Жанымыз Алланың қолында. Ол бізді оятуды қаласа, оятады”, – дедім. Біз осылай деген кезде, ол кері бұрылып кетті де, маған ештеңе деп жауап бермеді. Содан кейін оның бұрылып бара жатып, өз санына қолымен ұрып: “Адам баласы бәрінен де талас-тартысқа әуес” (“Кәһф”, 54), – дегенін естідім».

600
Бұхари, № 600 · Сахих: 1128Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: «إِنْ كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ لَيَدَعُ الْعَمَلَ، وَهُوَ يُحِبُّ أَنْ يَعْمَلَ بِهِ، خَشْيَةَ أَنْ يَعْمَلَ بِهِ النَّاسُ فَيُفْرَضَ عَلَيْهِمْ، وَمَا سَبَّحَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ سُبْحَةَ الضُّحَى قَطُّ، وَإِنِّي لَأُسَبِّحُهَا».

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) былай деген: «Алла Елшісі (с.а.с.) өзі жасауды ұнататын кейбір амалдарды адамдар да істеп, кейін ол оларға парыз етіліп кетер деп қауіптенгендіктен, кейде тәрк ететін. Алла Елшісі (с.а.с.) сәске намазын ешқашан оқыған емес, алайда мен оны оқимын».

بَابُ قِيَامِ النَّبِيِّ ﷺ حَتَّى تَرِمَ قَدَمَاهُ

5-бапПайғамбардың (с.а.с.) аяқтары ісінгенше намаз оқуы туралы

601
Бұхари, № 601 · Сахих: 1130Риуаят етуші: Мұғира ибн Шуғба (р.а.)

عَنِ الْمُغِيرَةِ بْنِ شُعْبَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: إِنْ كَانَ النَّبِيُّ ﷺ لَيَقُومُ لِيُصَلِّيَ حَتَّى تَرِمُ قَدَمَاهُ – أَوْ سَاقَاهُ – فَيُقَالُ لَهُ، فَيَقُولُ: «أَفَلَا أَكُونُ عَبْدًا شَكُورًا؟»

Қазақша аудармасы

Мұғира ибн Шуғба (р.а.) былай деген: «Пайғамбар (с.а.с.) намазда аяқтары немесе балтырлары ісінгенше түрегеп тұратын. Оған бұл жайында айтылғанда, ол: “Шүкір етуші құл болмайын ба?” – деп жауап беретін».

بَابُ مَنْ نَامَ عِنْدَ السَّحَرِ

6-бапСәресі уақытында ұйықтаған адам туралы

602
Бұхари, № 602 · Сахих: 1131Риуаят етуші: Абдулла ибн Амр (р.а.)

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عَمْرِو بْنِ الْعَاصِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ قَالَ لَهُ: «أَحَبُّ الصَّلَاةِ إِلَى اللَّهِ صَلَاةُ دَاوُدَ عَلَيْهِ السَّلَامُ، وَأَحَبُّ الصِّيَامِ إِلَى اللَّهِ صِيَامُ دَاوُدَ، وَكَانَ يَنَامُ نِصْفَ اللَّيْلِ وَيَقُومُ ثُلُثَهُ، وَيَنَامُ سُدُسَهُ، وَيَصُومُ يَوْمًا، وَيُفْطِرُ يَوْمًا».

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Амр ибн әл-Астың (р.а.) айтуынша, Пайғамбар (с.а.с.) оған былай деген: «Аллаға ең сүйікті намаз – Дәуіттің (а.с.) намазы. Аллаға ең сүйікті ораза – Дәуіттің оразасы. Ол түннің жартысын ұйықтап, үштен бір бөлігінде намаз оқитын да, қалған алтыдан бір бөлігінде қайта ұйықтайтын. Бір күн ораза ұстап, келесі күні ораза ұстамайтын».

603
Бұхари, № 603 · Сахих: 1132Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: «كَانَ أَحَبَّ الْعَمَلِ إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ الدَّائِمُ». قِيلَ لَهَا: «مَتَى كَانَ يَقُومُ؟» قَالَتْ: «يَقُومُ إِذَا سَمِعَ الصَّارِخَ».

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) былай деген: «Алла Елшісіне (с.а.с.) ең сүйікті амал – ұдайы жасалатын амал еді». Одан: «Ол қашан намазға тұратын?» – деп сұралғанда: «Әтештің шақырғанын естігенде тұратын», – деген.

604
Бұхари, № 604 · Сахих: 1132

وَفِي رِوَايَةٍ: «إِذَا سَمِعَ الصَّارِخَ قَامَ فَصَلَّى».

Қазақша аудармасы

Басқа бір риуаятта: «Әтештің шақырғанын естігенде, орнынан тұрып намаз оқитын», – делінген.

605
Бұхари, № 605 · Сахих: 1133

وَفِي رِوَايَةٍ عَنْهَا قَالَتْ: «مَا أَلْفَاهُ السَّحَرُ عِنْدِي إِلَّا نَائِمًا»، تَعْنِي النَّبِيَّ ﷺ.

Қазақша аудармасы

Айшадан (р.а.) жеткен бір риуаятта Пайғамбар (с.а.с.) туралы: «Сәресі уақыты кіргенде, оны қасымда ұйықтап жатқан күйінде ғана көретінмін», – делінген.

بَابُ طُولِ الْقِيَامِ فِي صَلَاةِ اللَّيْلِ

7-бапТүнгі намазда ұзақ уақыт тік тұру туралы

606
Бұхари, № 606 · Сахих: 1135Риуаят етуші: Ибн Мәсғуд (р.а.)

عَنِ ابْنِ مَسْعُودٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «صَلَّيْتُ مَعَ النَّبِيِّ ﷺ لَيْلَةً، فَلَمْ يَزَلْ قَائِمًا حَتَّى هَمَمْتُ بِأَمْرِ سَوْءٍ»، قُلْنَا: «وَمَا هَمَمْتَ؟» قَالَ: «هَمَمْتُ أَنْ أَقْعُدَ وَأَذَرَ النَّبِيَّ ﷺ».

Қазақша аудармасы

Ибн Мәсғуд (р.а.): «Бір түні Пайғамбармен (с.а.с.) бірге намаз оқыдым. Ол ұзақ уақыт тік тұрғаны сонша, мен бір жаман істі ойладым», – деді. Одан: «Не істеуді ойладыңыз?» – деп сұралғанда, ол: «Өзім отырып, Пайғамбарды (с.а.с.) түрегеп тұрған күйінде қалдыруды ойладым», – деп жауап берді.

بَابُ كَيْفَ كَانَ صَلَاةُ النَّبِيِّ ﷺ؟ وَكَمْ كَانَ النَّبِيُّ ﷺ يُصَلِّي مِنَ اللَّيْلِ؟

8-бапПайғамбардың (с.а.с.) намазы қандай еді және ол түнде қанша рәкәғат оқитын?

607
Бұхари, № 607 · Сахих: 1138Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «كَانَتْ صَلَاةُ النَّبِيِّ ﷺ ثَلَاثَ عَشْرَةَ رَكْعَةً»، يَعْنِي بِاللَّيْلِ.

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.): «Пайғамбардың (с.а.с.) түнгі намазы он үш рәкәғат болатын», – деген.

608
Бұхари, № 608 · Сахих: 1140Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: «كَانَ النَّبِيُّ ﷺ يُصَلِّي مِنَ اللَّيْلِ ثَلَاثَ عَشْرَةَ رَكْعَةً مِنْهَا الْوِتْرُ وَرَكْعَتَا الْفَجْرِ».

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.): «Пайғамбар (с.а.с.) түнде он үш рәкәғат намаз оқитын. Оның ішінде үтір намазы мен таң намазының алдындағы екі рәкәғат та бар еді», – деген.

بَابُ قِيَامِ النَّبِيِّ ﷺ بِاللَّيْلِ مِنْ نَوْمِهِ وَمَا نُسِخَ مِنْ قِيَامِ اللَّيْلِ

9-бапПайғамбардың (с.а.с.) ұйқысынан тұрып түнгі намаз оқуы және түнгі намазға қатысты кейбір үкімдердің күші жойылуы туралы

609
Бұхари, № 609 · Сахих: 1141Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يُفْطِرُ مِنَ الشَّهْرِ حَتَّى نَظُنَّ أَنْ لَا يَصُومَ مِنْهُ، وَيَصُومُ حَتَّى نَظُنَّ أَنْ لَا يُفْطِرَ مِنْهُ شَيْئًا، وَكَانَ لَا تَشَاءُ أَنْ تَرَاهُ مِنَ اللَّيْلِ مُصَلِّيًا إِلَّا رَأَيْتَهُ، وَلَا نَائِمًا إِلَّا رَأَيْتَهُ».

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) былай деген: «Алла Елшісі (с.а.с.) кейде айдың біраз күнінде ораза ұстамайтын. Тіпті біз оны сол айда мүлде ораза ұстамайды деп ойлайтынбыз. Кейде оразаны үзбей ұстайтын. Тіпті біз оны сол айдың бір күнін де оразасыз өткізбейді деп ойлайтынбыз. Түнде оны намаз оқып тұрған күйінде көргің келсе, көретін едің; ұйықтап жатқанын көргің келсе, оны да көретін едің».

بَابُ عَقْدِ الشَّيْطَانِ عَلَى قَافِيَةِ الرَّأْسِ إِذَا لَمْ يُصَلِّ بِاللَّيْلِ

10-бапТүнде намаз оқымаған адамның желкесіне шайтанның түйін байлауы туралы

610
Бұхари, № 610 · Сахих: 1142Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «يَعْقِدُ الشَّيْطَانُ عَلَى قَافِيَةِ رَأْسِ أَحَدِكُمْ إِذَا هُوَ نَامَ ثَلَاثَ عُقَدٍ يَضْرِبُ كُلَّ عُقْدَةٍ: “عَلَيْكَ لَيْلٌ طَوِيلٌ، فَارْقُدْ”. فَإِنِ اِسْتَيْقَظَ فَذَكَرَ اللَّهَ، اِنْحَلَّتْ عُقْدَةٌ، فَإِنْ تَوَضَّأَ اِنْحَلَّتْ عُقْدَةٌ، فَإِنْ صَلَّى اِنْحَلَّتْ عُقْدَةٌ، فَأَصْبَحَ نَشِيطًا طَيِّبَ النَّفْسِ، وَإِلَّا أَصْبَحَ خَبِيثَ النَّفْسِ كَسْلَانَ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайраның (р.а.) айтуынша, Алла Елшісі (с.а.с.) былай деген: «Сендердің бірің ұйықтаған кезде, шайтан оның желкесіне үш түйін байлайды. Әр түйінді байлаған сайын: “Алдыңда ұзақ түн бар, ұйықтай бер”, – дейді. Егер ол оянып, Алланы еске алса, бір түйіні шешіледі. Дәрет алса, тағы бір түйіні шешіледі. Намаз оқыса, қалған түйіні де шешіледі. Сонда ол таңды сергек әрі көңілі жайдары күйде қарсы алады. Ал олай етпесе, таңды көңілі жабырқау әрі жалқау күйде қарсы алады».

بَابُ إِذَا نَامَ وَلَمْ يُصَلِّ بَالَ الشَّيْطَانُ فِي أُذُنِهِ

11-бапҰйықтап қалып, намаз оқымаған адамның құлағына шайтанның кіші дәрет сындыруы туралы

611
Бұхари, № 611 · Сахих: 1144

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: ذُكِرَ عِنْدَ النَّبِيِّ ﷺ رَجُلٌ، فَقِيلَ: «مَا زَالَ نَائِمًا حَتَّى أَصْبَحَ، مَا قَامَ إِلَى الصَّلَاةِ»، فَقَالَ: «بَالَ الشَّيْطَانُ فِي أُذُنِهِ».

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Мәсғуд (р.а.) былай деген: «Пайғамбардың (с.а.с.) жанында бір адам туралы сөз болып: “Ол таң атқанға дейін ұйықтап, намазға тұрмады”, – делінді. Сонда Пайғамбар (с.а.с.): “Шайтан оның құлағына кіші дәрет сындырған”, – деді».

بَابُ الدُّعَاءِ وَالصَّلَاةِ مِنْ آخِرِ اللَّيْلِ

12-бапТүннің соңғы бөлігінде дұға ету және намаз оқу туралы

612
Бұхари, № 612 · Сахих: 1145Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «يَنْزِلُ رَبُّنَا تَبَارَكَ وَتَعَالَى كُلَّ لَيْلَةٍ إِلَى السَّمَاءِ الدُّنْيَا حِينَ يَبْقَى ثُلُثُ اللَّيْلِ الْآخِرُ، يَقُولُ: “مَنْ يَدْعُونِي فَأَسْتَجِيبَ لَهُ؟ مَنْ يَسْأَلُنِي فَأُعْطِيَهُ؟ مَنْ يَسْتَغْفِرُنِي فَأَغْفِرَ لَهُ؟”».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайраның (р.а.) айтуынша, Алла Елшісі (с.а.с.): «Құт-берекесі мол әрі аса Жоғары Раббымыз әр түннің соңғы үштен бірі қалғанда дүние аспанына түсіп: “Маған дұға ететін кім бар? Оның дұғасына жауап берейін. Менен сұрайтын кім бар? Оған берейін. Менен кешірім тілейтін кім бар? Оны кешірейін”, – дейді», – деген.

بَابُ مَنْ نَامَ أَوَّلَ اللَّيْلِ وَأَحْيَا آخِرَهُ

13-бапТүннің алғашқы бөлігінде ұйықтап, соңғы бөлігін ғибадатпен өткізген адам туралы

613
Бұхари, № 613 · Сахих: 1146Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا أَنَّهَا سُئِلَتْ عَنْ صَلَاةِ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ بِاللَّيْلِ، قَالَتْ: «كَانَ يَنَامُ أَوَّلَهُ وَيَقُومُ آخِرَهُ فَيُصَلِّي، ثُمَّ يَرْجِعُ إِلَى فِرَاشِهِ، فَإِذَا أَذَّنَ الْمُؤَذِّنُ وَثَبَ، فَإِنْ كَانَ بِهِ حَاجَةٌ اِغْتَسَلَ وَإِلَّا تَوَضَّأَ وَخَرَجَ».

Қазақша аудармасы

Айшадан (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.) түнгі намазы туралы сұралғанда: «Түннің алғашқы бөлігінде ұйықтап, соңғы бөлігінде тұрып, намаз оқитын. Содан кейін төсегіне қайта оралатын. Азаншы азан айтқан кезде шапшаң тұратын. Егер ғұсыл алу қажет болса, ғұсыл алатын, ал қажет болмаса, дәрет алып, намазға шығатын», – деген.

بَابُ قِيَامِ النَّبِيِّ ﷺ بِاللَّيْلِ فِي رَمَضَانَ وَغَيْرِهِ

14-бапПайғамбардың (с.а.с.) рамазанда және өзге айларда түнгі намаз оқуы туралы

614
Бұхари, № 614 · Сахих: 1147Риуаят етуші: Айша (р.а.)

وَعَنْهَا رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا أَنَّهَا سُئِلَتْ عَنْ صَلَاتِهِ ﷺ فِي رَمَضَانَ، فَقَالَتْ: «مَا كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يَزِيدُ فِي رَمَضَانَ وَلَا فِي غَيْرِهِ عَلَى إِحْدَى عَشْرَةَ رَكْعَةً، يُصَلِّي أَرْبَعًا فَلَا تَسَلْ عَنْ حُسْنِهِنَّ وَطُولِهِنَّ، ثُمَّ يُصَلِّي أَرْبَعًا فَلَا تَسَلْ عَنْ حُسْنِهِنَّ وَطُولِهِنَّ، ثُمَّ يُصَلِّي ثَلَاثًا». قَالَتْ: فَقُلْتُ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، أَتَنَامُ قَبْلَ أَنْ تُوتِرَ؟» فَقَالَ: «يَا عَائِشَةُ، إِنَّ عَيْنَيَّ تَنَامَانِ وَلَا يَنَامُ قَلْبِي».

Қазақша аудармасы

Айшадан (р.а.) Пайғамбардың (с.а.с.) рамазандағы намазы туралы сұралғанда: «Алла Елшісі (с.а.с.) рамазанда да, одан басқа уақытта да он бір рәкәғаттан артық оқымайтын. Әуелі төрт рәкәғат оқитын. Олардың қаншалық көркем әрі ұзақ болғанын сұрама! Содан кейін тағы төрт рәкәғат оқитын. Олардың қаншалық көркем әрі ұзақ болғанын сұрама! Артынша үш рәкәғат оқитын», – деген.

Айша сөзін жалғастырып: «Мен: “Уа, Расулалла! Үтір намазын оқымай тұрып ұйықтайсыз ба?” – деп сұрадым. Ол: “Уа, Айша! Расында, менің көздерім ұйықтайды, бірақ жүрегім ұйықтамайды”, – деді».

بَابُ مَا يُكْرَهُ مِنَ التَّشْدِيدِ فِي الْعِبَادَةِ

15-бапҚұлшылықта өзіне шамадан тыс ауырлық салудың мәкруһ екені туралы

615
Бұхари, № 615 · Сахих: 1150Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَسِ بْنِ مَالِكٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: دَخَلَ النَّبِيُّ ﷺ، فَإِذَا حَبْلٌ مَمْدُودٌ بَيْنَ السَّارِيَتَيْنِ، فَقَالَ: «مَا هَذَا الْحَبْلُ؟» قَالُوا: «هَذَا حَبْلٌ لِزَيْنَبَ، فَإِذَا فَتَرَتْ تَعَلَّقَتْ»، فَقَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «لَا، حُلُّوهُ، لِيُصَلِّ أَحَدُكُمْ نَشَاطَهُ، فَإِذَا فَتَرَ فَلْيَقْعُدْ».

Қазақша аудармасы

Әнәс ибн Мәликтің (р.а.) айтуынша, Пайғамбар (с.а.с.) мешітке кірген кезде екі бағанның арасына тартылған бір арқанды көріп: «Бұл не арқан?» – деп сұрады. Адамдар: «Бұл – Зәйнабтың арқаны. Ол намаз оқып тұрып шаршаған кезде осы арқаннан ұстап тұрады», – деді. Сонда Пайғамбар (с.а.с.): «Жоқ, оны шешіңдер. Әрқайсың бойында күш-қуаты бар кезде намаз оқысын. Ал шаршаса, отырсын», – деді.

بَابُ مَا يُكْرَهُ مِنْ تَرْكِ قِيَامِ اللَّيْلِ لِمَنْ كَانَ يَقُومُهُ

16-бапТүнгі намазға тұрып жүрген адамның оны тәрк етуінің мәкруһ екені туралы

616
Бұхари, № 616 · Сахих: 1152Риуаят етуші: Абдулла ибн Амр (р.а.)

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عَمْرِو بْنِ الْعَاصِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: قَالَ لِي رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «يَا عَبْدَ اللَّهِ، لَا تَكُنْ مِثْلَ فُلَانٍ؛ كَانَ يَقُومُ اللَّيْلَ، فَتَرَكَ قِيَامَ اللَّيْلِ».

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Амр (р.а.) былай деген: «Алла Елшісі (с.а.с.) маған: “Уа, Абдулла! Түнгі намазға тұрып жүріп, кейін оны тәрк еткен пәленше секілді болма”, – деді».

بَابُ فَضْلِ مَنْ تَعَارَّ مِنَ اللَّيْلِ فَصَلَّى

17-бапТүнде оянып, намаз оқыған адамның артықшылығы туралы

617
Бұхари, № 617 · Сахих: 1154

عَنْ عُبَادَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ قَالَ: «مَنْ تَعَارَّ مِنَ اللَّيْلِ فَقَالَ: “لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ وَحْدَهُ لَا شَرِيكَ لَهُ، لَهُ الْمُلْكُ وَلَهُ الْحَمْدُ وَهُوَ عَلَى كُلِّ شَيْءٍ قَدِيرٌ، الْحَمْدُ لِلَّهِ، وَسُبْحَانَ اللَّهِ، وَلَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ، وَاللَّهُ أَكْبَرُ، وَلَا حَوْلَ وَلَا قُوَّةَ إِلَّا بِاللَّهِ”، ثُمَّ قَالَ: “اللَّهُمَّ اِغْفِرْ لِي”، أَوْ دَعَا، اُسْتُجِيبَ لَهُ، فَإِنْ تَوَضَّأَ وَصَلَّى قُبِلَتْ صَلَاتُهُ».

Қазақша аудармасы

Убада (р.а.) Пайғамбардың (с.а.с.): «Кім түнде оянып: “Жалғыз Алладан басқа құлшылыққа лайық ешбір тәңір жоқ. Оның серігі жоқ. Бүкіл билік Оған тән әрі барлық мадақ Оған лайық. Оның құдіреті барлық нәрсеге жетеді. Барлық мадақ Аллаға тән. Алла барлық кемшіліктен пәк. Алладан басқа құлшылыққа лайық ешбір тәңір жоқ. Алла – Ұлы. Алланың жәрдемінсіз ешбір күш те, қуат та жоқ”, – деп, содан кейін: “Уа, Алла! Мені кешіре гөр!” – десе немесе өзге бір дұға етсе, дұғасы қабыл болады. Ал дәрет алып, намаз оқыса, намазы қабыл етіледі», – дегенін жеткізген.

618
Бұхари, № 618 · Сахих: 1155Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّهُ قَالَ، وَهُوَ يَقُصُّ فِي قَصَصِهِ، وَهُوَ يَذْكُرُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ: «إِنَّ أَخًا لَكُمْ لَا يَقُولُ الرَّفَثَ». يَعْنِي بِذَلِكَ عَبْدَ اللَّهِ بْنَ رَوَاحَةَ:

وَفِينَا رَسُولُ اللَّهِ يَتْلُو كِتَابَهُ إِذَا اِنْشَقَّ مَعْرُوفٌ مِنَ الْفَجْرِ سَاطِعُ

أَرَانَا الْهُدَى بَعْدَ الْعَمَى فَقُلُوبُنَا بِهِ مُوقِنَاتٌ أَنَّ مَا قَالَ وَاقِعُ

يَبِيتُ يُجَافِي جَنْبَهُ عَنْ فِرَاشِهِ إِذَا اِسْتَثْقَلَتْ بِالْمُشْرِكِينَ الْمَضَاجِعُ.

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) бір әңгімесін баяндап отырып, Алла Елшісін (с.а.с.) еске алып: «Расында, сендердің бір бауырларың арсыз сөз айтпайды», – деген. Ол мұнымен Абдулла ибн Рауаханы меңзеген еді:

«Арамызда Алла Елшісі Оның Кітабын оқиды,

Таң сөгіліп, жарқын шапақ шашылған шақта.

Адасқан бізге ол тура жолды көрсетті,

Жүректеріміз оның айтқанының орындаларына кәміл сенеді.

Мүшріктер төсектерінде қалың ұйқыға батқанда,

Ол төсегінен бойын аулақ ұстап, түнін өткізеді».

619
Бұхари, № 619 · Сахих: 1156Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

عَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «رَأَيْتُ عَلَى عَهْدِ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ كَأَنَّ بِيَدِي قِطْعَةَ إِسْتَبْرَقٍ، فَكَأَنِّي لَا أُرِيدُ مَكَانًا مِنَ الْجَنَّةِ إِلَّا طَارَتْ إِلَيْهِ، وَرَأَيْتُ كَأَنَّ اِثْنَيْنِ أَتَيَانِي». وَذَكَرَ بَاقِيَ الْحَدِيثِ وَقَدْ تَقَدَّمَ.

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.): «Алла Елшісінің (с.а.с.) дәуірінде түсімде қолымда қалың жібек матаның бір бөлігі бар екенін көрдім. Жәннаттың қай жеріне барғым келсе де, әлгі мата мені сол жерге ұшырып апаратын. Сондай-ақ маған екі періште келгендей болды», – деген. Содан кейін хадистің қалған бөлігін баяндаған. Ол бұрын келтірілген.

بَابُ مَا جَاءَ فِي التَّطَوُّعِ مَثْنَى مَثْنَى

18-бапНәпіл намазды екі рәкәғаттан оқу туралы риуаяттар

620
Бұхари, № 620 · Сахих: 1162Риуаят етуші: Жәбир (р.а.)

عَنْ جَابِرِ بْنِ عَبْدِ اللَّهِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يُعَلِّمُنَا الِاسْتِخَارَةَ فِي الْأُمُورِ كَمَا يُعَلِّمُنَا السُّورَةَ مِنَ الْقُرْآنِ، يَقُولُ: «إِذَا هَمَّ أَحَدُكُمْ بِالْأَمْرِ فَلْيَرْكَعْ رَكْعَتَيْنِ مِنْ غَيْرِ الْفَرِيضَةِ، ثُمَّ لِيَقُلِ: “اللَّهُمَّ إِنِّي أَسْتَخِيرُكَ بِعِلْمِكَ، وَأَسْتَقْدِرُكَ بِقُدْرَتِكَ، وَأَسْأَلُكَ مِنْ فَضْلِكَ الْعَظِيمِ، فَإِنَّكَ تَقْدِرُ وَلَا أَقْدِرُ، وَتَعْلَمُ وَلَا أَعْلَمُ وَأَنْتَ عَلَّامُ الْغُيُوبِ. اللَّهُمَّ إِنْ كُنْتَ تَعْلَمُ أَنَّ هَذَا الْأَمْرَ خَيْرٌ لِي فِي دِينِي وَمَعَاشِي وَعَاقِبَةِ أَمْرِي – أَوْ قَالَ: عَاجِلِ أَمْرِي وَآجِلِهِ – فَاقْدُرْهُ لِي، وَيَسِّرْهُ لِي، ثُمَّ بَارِكْ لِي فِيهِ.

وَإِنْ كُنْتَ تَعْلَمُ أَنَّ هَذَا الْأَمْرَ شَرٌّ لِي فِي دِينِي وَمَعَاشِي وَعَاقِبَةِ أَمْرِي – أَوْ قَالَ: فِي عَاجِلِ أَمْرِي وَآجِلِهِ – فَاصْرِفْهُ عَنِّي وَاصْرِفْنِي عَنْهُ، وَاقْدُرْ لِي الْخَيْرَ حَيْثُ كَانَ، ثُمَّ أَرْضِنِي”». قَالَ: «وَيُسَمِّي حَاجَتَهُ».

Қазақша аудармасы

Жәбир ибн Абдулла (р.а.) былай деген: «Алла Елшісі (с.а.с.) бізге Құраннан бір сүрені үйреткеніндей, барлық істе истихара жасауды үйрететін. Ол: “Сендердің бірің қандай да бір істі істеуге ниеттенсе, парыз намаздан бөлек екі рәкәғат намаз оқысын. Содан кейін: ‘Уа, Алла! Расында, мен Сенің іліміңмен Өзіңнен маған қайырлысын таңдап беруіңді сұраймын, Сенің құдіретіңмен күш-қуат тілеймін әрі Сенің ұлы кеңшілігіңнен сұраймын. Өйткені Сенің құдіретің жетеді, ал менің құдіретім жетпейді. Сен білесің, ал мен білмеймін. Сен – ғайыптарды толық Білушісің. Уа, Алла! Егер осы істің дініме, тіршілігіме және ісімнің ақырына қайырлы екенін білсең, – немесе: ісімнің бүгіні мен келешегіне қайырлы екенін білсең, – оны маған нәсіп етіп, жеңілдете гөр. Содан кейін оны мен үшін берекелі ет.

Ал егер осы істің дініме, тіршілігіме және ісімнің ақырына зиянды екенін білсең, – немесе: ісімнің бүгіні мен келешегіне зиянды екенін білсең, – оны менен алыстат әрі мені де одан алыстат. Қай жерде болса да, маған қайырды нәсіп ет, содан кейін мені соған разы ете гөр’, – десін”, – дейтін». Жәбир: «Адам өз қажетін атайды», – деген.

بَابُ تَعَاهُدِ رَكْعَتَيِ الْفَجْرِ وَمَنْ سَمَّاهُمَا تَطَوُّعًا

19-бапТаң намазының алдындағы екі рәкәғатты ұдайы оқу және оны нәпіл намаз деп атағандар туралы

621
Бұхари, № 621 · Сахих: 1169Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: «لَمْ يَكُنِ النَّبِيُّ ﷺ عَلَى شَيْءٍ مِنَ النَّوَافِلِ أَشَدَّ مِنْهُ تَعَاهُدًا عَلَى رَكْعَتَيِ الْفَجْرِ».

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.): «Пайғамбар (с.а.с.) нәпіл намаздардың ешбірін таң намазының алдындағы екі рәкәғат секілді ұдайы әрі мұқият оқымайтын», – деген.

بَابُ مَا يُقْرَأُ فِي رَكْعَتَيِ الْفَجْرِ

20-бапТаң намазының алдындағы екі рәкәғатта не оқылатыны туралы

622
Бұхари, № 622 · Сахих: 1171Риуаят етуші: Айша (р.а.)

وَعَنْهَا رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: كَانَ النَّبِيُّ ﷺ يُخَفِّفُ الرَّكْعَتَيْنِ اللَّتَيْنِ قَبْلَ صَلَاةِ الصُّبْحِ حَتَّى إِنِّي لَأَقُولُ: «هَلْ قَرَأَ بِأُمِّ الْكِتَابِ؟»

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.): «Пайғамбар (с.а.с.) таң намазының алдындағы екі рәкәғатты соншалық жеңіл оқитын, тіпті мен: “Ол ‘Фатиха’ сүресін оқыды ма екен?” – деп ойлайтынмын», – деген.

بَابُ صَلَاةِ الضُّحَى فِي الْحَضَرِ

21-бапСәске намазын тұрғылықты жерде оқу туралы

623
Бұхари, № 623 · Сахих: 1178Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «أَوْصَانِي خَلِيلِي بِثَلَاثٍ لَا أَدَعُهُنَّ حَتَّى أَمُوتَ: صَوْمِ ثَلَاثَةِ أَيَّامٍ مِنْ كُلِّ شَهْرٍ، وَصَلَاةِ الضُّحَى، وَنَوْمٍ عَلَى وِتْرٍ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Сүйікті досым маған өмірімнің соңына дейін тәрк етпейтін үш амалды өсиет етті: әр айда үш күн ораза ұстауды, сәске намазын оқуды және ұйықтар алдында үтір намазын оқуды», – деген.

بَابُ الصَّلَاةِ قَبْلَ الظُّهْرِ

22-бапБесін намазының алдында намаз оқу туралы

624
Бұхари, № 624 · Сахих: 1182Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ كَانَ لَا يَدَعُ أَرْبَعًا قَبْلَ الظُّهْرِ، وَرَكْعَتَيْنِ قَبْلَ الْغَدَاةِ.

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.): «Пайғамбар (с.а.с.) бесін намазының алдындағы төрт рәкәғатты және таң намазының алдындағы екі рәкәғатты ешқашан тәрк етпейтін», – деген.

بَابُ الصَّلَاةِ قَبْلَ الْمَغْرِبِ

23-бапАқшам намазының алдында намаз оқу туралы

625
Бұхари, № 625 · Сахих: 1183

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ الْمُزَنِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «صَلُّوا قَبْلَ صَلَاةِ الْمَغْرِبِ». قَالَ فِي الثَّالِثَةِ: «لِمَنْ شَاءَ»، كَرَاهِيَةَ أَنْ يَتَّخِذَهَا النَّاسُ سُنَّةً.

Қазақша аудармасы

Абдулла әл-Музани (р.а.): «Пайғамбар (с.а.с.): “Ақшам намазының алдында намаз оқыңдар”, – деп екі рет айтты. Үшінші рет адамдар оны тұрақты сүннетке айналдырып алмасын деп: “Қалаған адам оқысын”, – деп қосты», – деген.