Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 610

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
19. Тәһәжжуд кітабыكِتَابُ التَّهَجُّدِ
бап
10. Түнде намаз оқымаған адамның желкесіне шайтанның түйін байлауы туралыبَابُ عَقْدِ الشَّيْطَانِ عَلَى قَافِيَةِ الرَّأْسِ إِذَا لَمْ يُصَلِّ بِاللَّيْلِ
Нөмірі
№ 610 (Мухтасар реті) · Сахих: № 1142
610
Бұхари, № 610 · Сахих: 1142Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «يَعْقِدُ الشَّيْطَانُ عَلَى قَافِيَةِ رَأْسِ أَحَدِكُمْ إِذَا هُوَ نَامَ ثَلَاثَ عُقَدٍ يَضْرِبُ كُلَّ عُقْدَةٍ: “عَلَيْكَ لَيْلٌ طَوِيلٌ، فَارْقُدْ”. فَإِنِ اِسْتَيْقَظَ فَذَكَرَ اللَّهَ، اِنْحَلَّتْ عُقْدَةٌ، فَإِنْ تَوَضَّأَ اِنْحَلَّتْ عُقْدَةٌ، فَإِنْ صَلَّى اِنْحَلَّتْ عُقْدَةٌ، فَأَصْبَحَ نَشِيطًا طَيِّبَ النَّفْسِ، وَإِلَّا أَصْبَحَ خَبِيثَ النَّفْسِ كَسْلَانَ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайраның (р.а.) айтуынша, Алла Елшісі (с.а.с.) былай деген: «Сендердің бірің ұйықтаған кезде, шайтан оның желкесіне үш түйін байлайды. Әр түйінді байлаған сайын: “Алдыңда ұзақ түн бар, ұйықтай бер”, – дейді. Егер ол оянып, Алланы еске алса, бір түйіні шешіледі. Дәрет алса, тағы бір түйіні шешіледі. Намаз оқыса, қалған түйіні де шешіледі. Сонда ол таңды сергек әрі көңілі жайдары күйде қарсы алады. Ал олай етпесе, таңды көңілі жабырқау әрі жалқау күйде қарсы алады».