Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 621

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
19. Тәһәжжуд кітабыكِتَابُ التَّهَجُّدِ
бап
19. Таң намазының алдындағы екі рәкәғатты ұдайы оқу және оны нәпіл намаз деп атағандар туралыبَابُ تَعَاهُدِ رَكْعَتَيِ الْفَجْرِ وَمَنْ سَمَّاهُمَا تَطَوُّعًا
Нөмірі
№ 621 (Мухтасар реті) · Сахих: № 1169
621
Бұхари, № 621 · Сахих: 1169Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: «لَمْ يَكُنِ النَّبِيُّ ﷺ عَلَى شَيْءٍ مِنَ النَّوَافِلِ أَشَدَّ مِنْهُ تَعَاهُدًا عَلَى رَكْعَتَيِ الْفَجْرِ».

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.): «Пайғамбар (с.а.с.) нәпіл намаздардың ешбірін таң намазының алдындағы екі рәкәғат секілді ұдайы әрі мұқият оқымайтын», – деген.