Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 639

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
23. Жаназа кітабыكِتَابُ الْجَنَائِزِ
бап
1. Соңғы сөзі «Алладан басқа құлшылыққа лайық ешбір тәңір жоқ» болған адам туралыبَابُ مَنْ كَانَ آخِرُ كَلَامِهِ: «لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ»
Нөмірі
№ 639 (Мухтасар реті) · Сахих: № 1237
639
Бұхари, № 639 · Сахих: 1237Риуаят етуші: Әбу Зәрр (р.а.)

عَنْ أَبِي ذَرٍّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «أَتَانِي آتٍ مِنْ رَبِّي، فَأَخْبَرَنِي – أَوْ قَالَ: بَشَّرَنِي – أَنَّهُ مَنْ مَاتَ مِنْ أُمَّتِي لَا يُشْرِكُ بِاللَّهِ شَيْئًا دَخَلَ الْجَنَّةَ». قُلْتُ: «وَإِنْ زَنَى وَإِنْ سَرَقَ؟» قَالَ: «وَإِنْ زَنَى وَإِنْ سَرَقَ».

Қазақша аудармасы

Әбу Зәрр (р.а.) былай деген: «Алла Елшісі (с.а.с.): “Маған Раббымның тарапынан бір хабаршы келіп, үмбетімнен Аллаға еш нәрсені серік қоспай қайтыс болған адамның жәннатқа кіретінін хабарлады немесе сүйіншіледі”, – деді. Мен: “Зина жасап, ұрлық істесе де ме?” – деп сұрадым. Ол: “Зина жасап, ұрлық істесе де”, – деп жауап берді».