Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 658

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
23. Жаназа кітабыكِتَابُ الْجَنَائِزِ
бап
16. Пайғамбардың (с.а.с.): «Мәйіт отбасының кейбір жоқтау-жылауы себепті азапталады» деген сөзі туралыبَابُ قَوْلِ النَّبِيِّ ﷺ: «يُعَذَّبُ الْمَيِّتُ بِبَعْضِ بُكَاءِ أَهْلِهِ عَلَيْهِ»
Нөмірі
№ 658 (Мухтасар реті) · Сахих: № 1284
658
Бұхари, № 658 · Сахих: 1284Риуаят етуші: Усама ибн Зәйд (р.а.)

عَنْ أُسَامَةِ بْنِ زَيْدٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: أَرْسَلَتِ ابْنَةُ النَّبِيِّ ﷺ إِلَيْهِ: «إِنَّ ابْنًا لِي قُبِضَ، فَأْتِنَا»، فَأَرْسَلَ يُقْرِئُ السَّلَامَ، وَيَقُولُ: «إِنَّ لِلَّهِ مَا أَخَذَ، وَلَهُ مَا أَعْطَى، وَكُلٌّ عِنْدَهُ بِأَجَلٍ مُسَمًّى، فَلْتَصْبِرْ، وَلْتَحْتَسِبْ»، فَأَرْسَلَتْ إِلَيْهِ تُقْسِمُ عَلَيْهِ لَيَأْتِيَنَّهَا، فَقَامَ وَمَعَهُ سَعْدُ بْنُ عُبَادَةَ، وَمَعَاذُ بْنُ جَبَلٍ، وَأُبَيُّ بْنُ كَعْبٍ، وَزَيْدُ بْنُ ثَابِتٍ وَرِجَالٌ، فَرُفِعَ إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ الصَّبِيُّ وَنَفْسُهُ تَتَقَعْقَعُ كَأَنَّهَا شَنٌّ، فَفَاضَتْ عَيْنَاهُ، فَقَالَ سَعْدٌ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، مَا هَذَا؟» فَقَالَ: «هَذِهِ رَحْمَةٌ جَعَلَهَا اللَّهُ فِي قُلُوبِ عِبَادِهِ، وَإِنَّمَا يَرْحَمُ اللَّهُ مِنْ عِبَادِهِ الرُّحَمَاءَ».

Қазақша аудармасы

Усама ибн Зәйд (р.а.) былай деген: «Пайғамбардың (с.а.с.) қызы оған: “Ұлым жан тапсырғалы жатыр. Бізге келіңіз”, – деп адам жіберді. Пайғамбар (с.а.с.) қызына сәлем жолдап: “Расында, алғаны да Аллаға тән, бергені де Аллаға тән. Оның құзырында әр нәрсенің белгіленген мерзімі бар. Сондықтан сабыр етсін әрі сауабын Алладан күтсін”, – деп жауап жіберді. Қызы оның міндетті түрде келуін Алланың атымен өтініп, қайтадан адам жіберді. Сонда Пайғамбар (с.а.с.) орнынан тұрды. Онымен бірге Сағд ибн Убада, Мұғаз ибн Жәбәл, Үбәй ибн Кәғб, Зәйд ибн Сәбит және тағы бірнеше адам барды. Бала Алла Елшісінің (с.а.с.) алдына әкелінді. Оның демі сырылдап шығып жатты». Сонда Пайғамбардың (с.а.с.) көзінен жас ақты. Сағд: «Уа, Расулалла! Бұл не?» – деп сұрады. Ол: «Бұл – Алланың құлдарының жүрегіне салған рақымы. Расында, Алла құлдарының арасындағы рақымды жандарға ғана рақым етеді», – деді.