Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 666

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
23. Жаназа кітабыكِتَابُ الْجَنَائِزِ
бап
21. Қайғы-қасірет кезінде мұңы жүзінен байқалып отырған адам туралыبَابُ مَنْ جَلَسَ عِنْدَ الْمُصِيبَةِ يُعْرَفُ فِيهِ الْحُزْنُ
Нөмірі
№ 666 (Мухтасар реті) · Сахих: № 1299
666
Бұхари, № 666 · Сахих: 1299Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: لَمَّا جَاءَ النَّبِيَّ ﷺ قَتْلُ ابْنِ حَارِثَةَ، وَجَعْفَرٍ، وَابْنِ رَوَاحَةَ جَلَسَ يُعْرَفُ فِيهِ الْحُزْنُ، وَأَنَا أَنْظُرُ مِنْ صَائِرِ الْبَابِ – شَقِّ الْبَابِ –؛ فَأَتَاهُ رَجُلٌ فَقَالَ: «إِنَّ نِسَاءَ جَعْفَرٍ» وَذَكَرَ بُكَاءَهُنَّ، فَأَمَرَهُ أَنْ يَنْهَاهُنَّ، فَذَهَبَ، ثُمَّ أَتَاهُ الثَّانِيَةَ، لَمْ يُطِعْنَهُ، فَقَالَ: «اِنْهَهُنَّ». فَأَتَاهُ الثَّالِثَةَ قَالَ: «وَاللَّهِ، لَقَدْ غَلَبْنَنَا يَا رَسُولَ اللَّهِ»، فَزَعَمَتْ أَنَّهُ قَالَ: «فَاحْثُ فِي أَفْوَاهِهِنَّ التُّرَابَ».

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) былай деген: «Пайғамбарға (с.а.с.) Зәйд ибн Харисаның, Жағфардың және Ибн Рауаханың қаза тапқаны туралы хабар келгенде, ол жүзінен мұңы айқын байқалған күйде отырды. Мен есіктің саңылауынан қарап тұрдым. Бір кісі келіп, Жағфардың үйіндегі әйелдернің жылап жатқанын айтты. Пайғамбар (с.а.с.) оған әйелдерді жылаудан тыю үшін баруды бұйырды. Ол барып, кейін қайта келіп: “Олар маған бағынбады”, – деді. Пайғамбар (с.а.с.): “Оларды тый”, – деді. Ол үшінші рет келіп: “Уа, Расулалла! Алланың атымен ант етемін, олар бізге бой бермеді”, – деді». Айшаның айтуынша, Пайғамбар (с.а.с.) оған: «Ендеше, олардың аузына топырақ шаш», – деді.