Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 672

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
23. Жаназа кітабыكِتَابُ الْجَنَائِزِ
бап
27. Жаназа үшін орнынан тұрған адамның қашан отыратыны туралыبَابُ مَتَى يَقْعُدُ إِذَا قَامَ لِلْجَنَازَةِ
Нөмірі
№ 672 (Мухтасар реті) · Сахих: № 1309
672
Бұхари, № 672 · Сахих: 1309Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّهُ أَخَذَ بِيَدِ مَرْوَانَ وَهُمَا مَعَ جَنَازَةٍ فَجَلَسَا قَبْلَ أَنْ تُوضَعَ، فَجَاءَ أَبُو سَعِيدٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ فَأَخَذَ بِيَدِ مَرْوَانَ فَقَالَ: «قُمْ، فَوَاللَّهِ لَقَدْ عَلِمَ هَذَا أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ نَهَانَا عَنْ ذَلِكَ». قَالَ أَبُو هُرَيْرَةَ: «صَدَقَ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) бір жаназаға ілесіп келе жатқанда, Мәруанның қолынан ұстап, жаназа жерге қойылмай тұрып екеуі отырып алды. Сол кезде Әбу Сағид (р.а.) келіп, Мәруанның қолынан ұстап: «Тұр! Алланың атымен ант етемін, мына кісі Пайғамбардың (с.а.с.) бізге бұлай істеуге тыйым салғанын жақсы біледі», – деді. Сонда Әбу Һурайра (р.а.): «Рас айтты», – деді.