Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 677

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
23. Жаназа кітабыكِتَابُ الْجَنَائِزِ
бап
32. Қабірлердің үстінен мешіт жасаудың мәкруһтығы туралыبَابُ مَا يُكْرَهُ مِنَ اِتِّخَاذِ الْمَسَاجِدِ عَلَى الْقُبُورِ
Нөмірі
№ 677 (Мухтасар реті) · Сахих: № 1330
677
Бұхари, № 677 · Сахих: 1330Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ فِي مَرَضِهِ الَّذِي مَاتَ فِيهِ: «لَعَنَ اللَّهُ الْيَهُودَ وَالنَّصَارَى، اِتَّخَذُوا قُبُورَ أَنْبِيَائِهِمْ مَسْجِدًا». قَالَتْ: «وَلَوْلَا ذَلِكَ لَأَبْرَزُوا قَبْرَهُ، غَيْرَ أَنِّي أَخْشَى أَنْ يُتَّخَذَ مَسْجِدًا».

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) Пайғамбардың (с.а.с.) дүниеден өтер алдындағы науқасы кезінде: «Алла яһудилер мен христиандарды лағынеттесін! Олар пайғамбарларының қабірлерін мешітке айналдырды», – дегенін жеткізген. Айша (р.а.): «Егер осы қауіп болмағанда, оның қабірі үйден тыс жерде орналасар еді. Алайда оның мешітке айналдырылып кетуінен қорқамын», – деген.