عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ أَعْرَابِيًّا أَتَى النَّبِيَّ ﷺ، فَقَالَ: «دُلَّنِي عَلَى عَمَلٍ إِذَا عَمِلْتُهُ دَخَلْتُ الْجَنَّةَ». قَالَ: «تَعْبُدُ اللَّهَ لَا تُشْرِكُ بِهِ شَيْئًا، وَتُقِيمُ الصَّلَاةَ الْمَكْتُوبَةَ، وَتُؤَدِّي الزَّكَاةَ الْمَفْرُوضَةَ، وَتَصُومُ رَمَضَانَ». قَالَ: «وَالَّذِي نَفْسِي بِيَدِهِ، لَا أَزِيدُ عَلَى هَذَا»، فَلَمَّا وَلَّى قَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «مَنْ سَرَّهُ أَنْ يَنْظُرَ إِلَى رَجُلٍ مِنْ أَهْلِ الْجَنَّةِ، فَلْيَنْظُرْ إِلَى هَذَا».
Әбу Һурайраның (р.а.) айтуынша, бір бәдәуи Пайғамбарға (с.а.с.) келіп: «Маған бір амал көрсетіңізші, соны істесем, жәннатқа кірейін», – деді. Пайғамбар (с.а.с.): «Аллаға құлшылық етесің, Оған еш нәрсені серік қоспайсың, парыз намаздарды толық орындайсың, парыз етілген зекетті бересің және рамазан айында ораза ұстайсың», – деді. Сонда әлгі адам: «Жаным Оның қолында болған Алланың атымен ант етемін, бұған еш нәрсе қоспаймын», – деді. Ол бұрылып кетіп бара жатқанда, Пайғамбар (с.а.с.): «Жәннат тұрғындарының арасынан бір адамды көру кімді қуантса, мына адамға қарасын», – деді.