Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 715

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
24. Зекет кітабыكِتَابُ الزَّكَاةِ
бап
4. Адал еңбегімен тапқан мал-мүлкінен садақа беру туралыبَابُ الصَّدَقَةِ مِنْ كَسْبٍ طَيِّبٍ
Нөмірі
№ 715 (Мухтасар реті) · Сахих: № 1410
715
Бұхари, № 715 · Сахих: 1410Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَنْ تَصَدَّقَ بِعَدْلِ تَمْرَةٍ مِنْ كَسْبٍ طَيِّبٍ – وَلَا يَقْبَلُ اللَّهُ إِلَّا الطَّيِّبَ – وَإِنَّ اللَّهَ يَتَقَبَّلُهَا بِيَمِينِهِ، ثُمَّ يُرَبِّيهَا لِصَاحِبِهِ، كَمَا يُرَبِّي أَحَدُكُمْ فَلُوَّهُ، حَتَّى تَكُونَ مِثْلَ الْجَبَلِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай деп жеткізген: «Алла Елшісі (с.а.с.): “Кім адал жолмен тапқан малынан бір құрманың құнындай садақа берсе (Алла тек адал нәрсені ғана қабылдайды), Алла оны оң қолымен қабылдайды. Содан кейін сендердің бірің құлынын баптап өсіргендей, Алла да оны садақа иесі үшін өсіреді. Ақырында ол таудай болады”, – деді».