Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 717

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
24. Зекет кітабыكِتَابُ الزَّكَاةِ
бап
5. Садақа қабылданбайтын заман келмей тұрып, оны беріп қалу туралыبَابُ الصَّدَقَةِ قَبْلَ الرَّدِّ
Нөмірі
№ 717 (Мухтасар реті) · Сахих: № 1412
717
Бұхари, № 717 · Сахих: 1412Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «لَا تَقُومُ السَّاعَةُ حَتَّى يَكْثُرَ فِيكُمُ الْمَالُ فَيَفِيضَ حَتَّى يُهِمَّ رَبَّ الْمَالِ مَنْ يَقْبَلُ صَدَقَتَهُ، وَحَتَّى يَعْرِضَهُ، فَيَقُولَ الَّذِي يَعْرِضُهُ عَلَيْهِ: “لَا أَرَبَ لِي”».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай деген: «Пайғамбар (с.а.с.): “Араларыңда мал-мүлік көбейіп, тіпті тасып кеткенге дейін қиямет орнамайды. Сонда мал иесі садақасын кім қабылдар екен деп уайымдайтын болады. Ол садақасын біреуге ұсынғанда, әлгі адам: ‘Оған мұқтаж емеспін’, – дейді”, – деді».