Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 725

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
24. Зекет кітабыكِتَابُ الزَّكَاةِ
бап
9. Садақасының өз ұлына тигенін білмей қалған адам туралыبَابُ إِذَا تَصَدَّقَ عَلَى ابْنِهِ وَهُوَ لَا يَشْعُرُ
Нөмірі
№ 725 (Мухтасар реті) · Сахих: № 1422
725
Бұхари, № 725 · Сахих: 1422

عَنْ مَعْنِ بْنِ يَزِيدَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: بَايَعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ أَنَا وَأَبِي وَجَدِّي، وَخَطَبَ عَلَيَّ، فَأَنْكَحَنِي، وَخَاصَمْتُ إِلَيْهِ، وَكَانَ أَبِي يَزِيدُ أَخْرَجَ دَنَانِيرَ يَتَصَدَّقُ بِهَا، فَوَضَعَهَا عِنْدَ رَجُلٍ فِي الْمَسْجِدِ، فَجِئْتُ فَأَخَذْتُهَا، فَأَتَيْتُهُ بِهَا فَقَالَ: «وَاللَّهِ، مَا إِيَّاكَ أَرَدْتُ»، فَخَاصَمْتُهُ إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، فَقَالَ: «لَكَ مَا نَوَيْتَ، يَا يَزِيدُ، وَلَكَ مَا أَخَذْتَ، يَا مَعْنُ».

Қазақша аудармасы

Мағн ибн Язид (р.а.) былай деген: «Мен, әкем және атам Алла Елшісіне (с.а.с.) серт бердік. Ол мен үшін құда түсіп, мені үйлендірді. Сондай-ақ бір дауды оның алдына алып бардым. Әкем Язид садақа ретінде бермек болып бірнеше динар шығарып, оларды мешіттегі бір адамға қалдырған еді. Мен келіп, сол динарларды алдым да, әкеме алып бардым. Сонда ол: “Алланың атымен ант етемін! Мен бұл ақшаны саған беруді ойламаған едім”, – деді. Содан кейін екеуіміз Алла Елшісінің (с.а.с.) алдына барып, осы мәселе жөнінде дауластық. Сонда ол (с.а.с.): “Уа, Язид! Саған ниет еткеніңнің сауабы бар. Ал, уа, Мағн! Саған алғаның тиесілі”, – деді».