Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 734

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
24. Зекет кітабыكِتَابُ الزَّكَاةِ
бап
16. Алла Тағаланың: «Ал кім малын беріп, Алладан қорықса...» («Ләйл», 5) деген сөзі және «Уа, Алла! Мал-мүлкін жұмсаған адамға оның орнын толтырып бере гөр!» деген дұға туралыبَابُ قَوْلِ اللَّهِ تَعَالَى: ﴿فَأَمَّا مَنْ أَعْطَى وَاتَّقَى﴾ [اللَّيْلِ: 5]؛ «اللَّهُمَّ أَعْطِ مُنْفِقَ مَالٍ خَلَفًا»
Нөмірі
№ 734 (Мухтасар реті) · Сахих: № 1442
734
Бұхари, № 734 · Сахих: 1442Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ قَالَ: «مَا مِنْ يَوْمٍ يُصْبِحُ الْعِبَادُ فِيهِ، إِلَّا مَلَكَانِ يَنْزِلَانِ، فَيَقُولُ أَحَدُهُمَا: “اللَّهُمَّ، أَعْطِ مُنْفِقًا خَلَفًا”، وَيَقُولُ الْآخَرُ: “اللَّهُمَّ، أَعْطِ مُمْسِكًا تَلَفًا”».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) Пайғамбардың (с.а.с.) былай дегенін жеткізген: «Құлдар таңды қарсы алатын әрбір күні міндетті түрде екі періште түседі. Олардың бірі: “Уа, Алла! Мал-мүлкін жұмсаған адамға оның орнын толтырып бере гөр!” – дейді. Ал екіншісі: “Уа, Алла! Малын бермей ұстап қалған адамның мал-мүлкін шығынға ұшырата гөр!” – дейді».