Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 768

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
24. Зекет кітабыكِتَابُ الزَّكَاةِ
бап
44. Имамның садақа берген адамға салауат айтып, дұға етуі туралыبَابُ صَلَاةِ الْإِمَامِ وَدُعَائِهِ لِصَاحِبِ الصَّدَقَةِ
Нөмірі
№ 768 (Мухтасар реті) · Сахих: № 1497
768
Бұхари, № 768 · Сахих: 1497Риуаят етуші: Абдулла ибн Әбу Ауфа (р.а.)

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ أَبِي أَوْفَى رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: كَانَ النَّبِيُّ ﷺ إِذَا أَتَاهُ قَوْمٌ بِصَدَقَتِهِمْ قَالَ: «اللَّهُمَّ، صَلِّ عَلَى آلِ فُلَانٍ»، فَأَتَاهُ أَبِي بِصَدَقَتِهِ، فَقَالَ: «اللَّهُمَّ، صَلِّ عَلَى آلِ أَبِي أَوْفَى».

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Әбу Ауфа (р.а.) былай деген: «Бір қауым Пайғамбарға (с.а.с.) зекетін алып келген кезде, ол: “Уа, Алла! Пәленшенің әулетіне рақымыңды жаудыр”, – дейтін. Әкем оған зекетін алып келгенде: “Уа, Алла! Әбу Ауфаның әулетіне рақымыңды жаудыр”, – деді».