Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 773

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
25. Пітір садақасы кітабыكِتَابُ صَدَقَةِ الْفِطْرِ
бап
1. Пітір садақасының парыз етілуі туралыبَابُ فَرْضِ صَدَقَةِ الْفِطْرِ
Нөмірі
№ 773 (Мухтасар реті) · Сахих: № 1503
773
Бұхари, № 773 · Сахих: 1503Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

عَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «فَرَضَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ زَكَاةَ الْفِطْرِ صَاعًا مِنْ تَمْرٍ، أَوْ صَاعًا مِنْ شَعِيرٍ عَلَى الْعَبْدِ وَالْحُرِّ، وَالذَّكَرِ وَالْأُنْثَى، وَالصَّغِيرِ وَالْكَبِيرِ مِنَ الْمُسْلِمِينَ، وَأَمَرَ بِهَا أَنْ تُؤَدَّى قَبْلَ خُرُوجِ النَّاسِ إِلَى الصَّلَاةِ».

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.): «Алла Елшісі (с.а.с.) мұсылмандардың құлына да, азатына да, еріне де, әйеліне де, кішісіне де, үлкеніне де бір сағ құрма немесе бір сағ арпа мөлшерінде пітір зекетін парыз етті. Сондай-ақ оны адамдар айт намазына шықпай тұрып беруді бұйырды», – деп жеткізген.