عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «صَلَّى رَسُولُ اللَّهِ ﷺ وَنَحْنُ مَعَهُ بِالْمَدِينَةِ الظُّهْرَ أَرْبَعًا، وَالْعَصْرَ بِذِي الْحُلَيْفَةِ رَكْعَتَيْنِ، ثُمَّ بَاتَ بِهَا حَتَّى أَصْبَحَ، ثُمَّ رَكِبَ حَتَّى اِسْتَوَتْ بِهِ عَلَى الْبَيْدَاءِ، حَمِدَ اللَّهَ وَسَبَّحَ وَكَبَّرَ، ثُمَّ أَهَلَّ بِحَجٍّ وَعُمْرَةٍ، وَأَهَلَّ النَّاسُ بِهِمَا، فَلَمَّا قَدِمْنَا أَمَرَ النَّاسَ، فَحَلُّوا حَتَّى كَانَ يَوْمُ التَّرْوِيَةِ، أَهَلُّوا بِالْحَجِّ.
قَالَ: وَنَحَرَ النَّبِيُّ ﷺ بَدَنَاتٍ بِيَدِهِ قِيَامًا، وَذَبَحَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ بِالْمَدِينَةِ كَبْشَيْنِ أَمْلَحَيْنِ».
Әнәс (р.а.) былай деген: «Алла Елшісі (с.а.с.) бізбен бірге Мәдинада бесін намазын төрт рәкәғат, ал Зүл-Хуләйфада екінті намазын екі рәкәғат етіп оқыды. Содан кейін сол жерде таң атқанша түнеді. Кейін көлігіне мінді. Көлігі оны Бәйдаға алып шыққанда, Аллаға мақтау айтып, тәсбих пен тәкбір айтты. Содан соң қажылық пен умраға тәлбия айтып, ихрамға кірді. Адамдар да қажылық пен умраға тәлбия айтып, ихрамға кірді. Меккеге келгенімізде, Пайғамбар (с.а.с.) адамдарға ихрамнан шығуды бұйырды. Олар ихрамнан шықты. Тәруия күні келгенде, қажылыққа тәлбия айтып, қайтадан ихрамға кірді».
Әнәс (р.а.): «Пайғамбар (с.а.с.) құрбандық түйелерін тік тұрғызып қойып, өз қолымен бауыздады. Сондай-ақ Алла Елшісі (с.а.с.) Мәдинада қара ала түсті екі қошқарды құрбандыққа шалды», – деген.