Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 812

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
26. Қажылық кітабыكِتَابُ الْحَجِّ
бап
26. Алла Тағаланың: «Алла қасиетті Үй – Қағбаны адамдар үшін тірек етті» («Мәида», 97) деген сөзі туралыبَابُ قَوْلِهِ تَعَالَى: ﴿جَعَلَ اللَّهُ الْكَعْبَةَ الْبَيْتَ الْحَرَامَ قِيَامًا لِلنَّاسِ﴾ [الْمَائِدَةِ: 97]
Нөмірі
№ 812 (Мухтасар реті) · Сахих: № 1592
812
Бұхари, № 812 · Сахих: 1592Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: كَانُوا يَصُومُونَ عَاشُورَاءَ قَبْلَ أَنْ يُفْرَضَ رَمَضَانُ، وَكَانَ يَوْمًا تُسْتَرُ فِيهِ الْكَعْبَةُ، فَلَمَّا فَرَضَ اللَّهُ رَمَضَانَ قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَنْ شَاءَ أَنْ يَصُومَهُ فَلْيَصُمْهُ، وَمَنْ شَاءَ أَنْ يَتْرُكَهُ فَلْيَتْرُكْهُ».

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) былай деген: «Рамазан оразасы парыз етілмей тұрып, адамдар Ашура күні ораза ұстайтын. Сондай-ақ сол күні Қағбаға жабу жабылатын. Алла рамазан оразасын парыз еткеннен кейін, Алла Елшісі (с.а.с.): “Кім қаласа, Ашура күні ораза ұстасын, ал кім қаласа, ұстамасын”, – деді».