Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 830

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
26. Қажылық кітабыكِتَابُ الْحَجِّ
бап
40. Қажыларға су беру туралыبَابُ سِقَايَةِ الْحَاجِّ
Нөмірі
№ 830 (Мухтасар реті) · Сахих: № 1635
830
Бұхари, № 830 · Сахих: 1635Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ جَاءَ إِلَى السِّقَايَةِ فَاسْتَسْقَى، فَقَالَ الْعَبَّاسُ: «يَا فَضْلُ، اِذْهَبْ إِلَى أُمِّكَ فَأْتِ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ بِشَرَابٍ مِنْ عِنْدِهَا»، فَقَالَ: «اِسْقِنِي». قَالَ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، إِنَّهُمْ يَجْعَلُونَ أَيْدِيَهُمْ فِيهِ». قَالَ: «اِسْقِنِي»، فَشَرِبَ مِنْهُ،

ثُمَّ أَتَى زَمْزَمَ وَهُمْ يَسْقُونَ وَيَعْمَلُونَ فِيهَا، فَقَالَ: «اِعْمَلُوا، فَإِنَّكُمْ عَلَى عَمَلٍ صَالِحٍ». ثُمَّ قَالَ: «لَوْلَا أَنْ تُغْلَبُوا لَنَزَلْتُ حَتَّى أَضَعَ الْحَبْلَ عَلَى هَذِهِ» يَعْنِي عَاتِقَهُ، وَأَشَارَ إِلَى عَاتِقِهِ.

Қазақша аудармасы

Ибн Аббастың (р.а.) айтуынша, Алла Елшісі (с.а.с.) қажыларға су берілетін орынға келіп, су сұрады. Сонда Аббас: «Уа, Фадл! Анаңа барып, оның жанындағы сусыннан Алла Елшісіне (с.а.с.) алып кел», – деді. Алла Елшісі (с.а.с.): «Маған осы судан бер», – деді. Аббас: «Уа, Расулалла! Адамдар қолдарын осы суға малады», – деді. Ол (с.а.с.) тағы да: «Маған осы судан бер», – деді. Сөйтіп, сол судан ішті.

Кейін Зәмзәм құдығына келді. Онда адамдар су тартып, еңбек етіп жатқан еді. Ол (с.а.с.): «Жұмыстарыңды жалғастыра беріңдер. Расында, сендер игі іс атқарып жатырсыңдар», – деді. Содан кейін: «Егер жұрт осы қызметтен сендерді ығыстырып жібереді деп қауіптенбегенімде, мен де төмен түсіп, арқанды мына жеріме салып алар едім», – деп, иығын нұсқады.