عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا أَنَّهَا سَأَلَهَا ابْنُ أُخْتِهَا عُرْوَةُ بْنُ الزُّبَيْرِ عَنْ قَوْلِهِ عَزَّ وَجَلَّ: ﴿إِنَّ الصَّفَا وَالْمَرْوَةَ مِنْ شَعَائِرِ اللَّهِ فَمَنْ حَجَّ الْبَيْتَ أَوِ اِعْتَمَرَ فَلَا جُنَاحَ عَلَيْهِ أَنْ يَطَّوَّفَ بِهِمَا﴾ [الْبَقَرَةِ: 158]، قَالَ: «فَوَاللَّهِ، مَا عَلَى أَحَدٍ جُنَاحٌ أَنْ لَا يَطُوفَ بِالصَّفَا وَالْمَرْوَةِ».
قَالَتْ: «بِئْسَ مَا قُلْتَ، يَا ابْنَ أُخْتِي، إِنَّ هَذِهِ لَوْ كَانَتْ كَمَا أَوَّلْتَهَا عَلَيْهِ، كَانَتْ: “لَا جُنَاحَ عَلَيْهِ أَنْ لَا يَتَطَوَّفَ بِهِمَا”، وَلَكِنَّهَا أُنْزِلَتْ فِي الْأَنْصَارِ، كَانُوا قَبْلَ أَنْ يُسْلِمُوا يُهِلُّونَ لِمَنَاةَ الطَّاغِيَةِ، الَّتِي كَانُوا يَعْبُدُونَهَا عِنْدَ الْمُشَلَّلِ، فَكَانَ مَنْ أَهَلَّ يَتَحَرَّجُ أَنْ يَطُوفَ بِالصَّفَا وَالْمَرْوَةِ، فَلَمَّا أَسْلَمُوا سَأَلُوا رَسُولَ اللَّهِ ﷺ عَنْ ذَلِكَ، قَالُوا: “يَا رَسُولَ اللَّهِ، إِنَّا كُنَّا نَتَحَرَّجُ أَنْ نَطُوفَ بَيْنَ الصَّفَا وَالْمَرْوَةِ”، فَأَنْزَلَ اللَّهُ تَعَالَى: ﴿إِنَّ الصَّفَا وَالْمَرْوَةَ مِنْ شَعَائِرِ اللَّهِ﴾ [الْبَقَرَةِ: 158]، الْآيَةَ».
قَالَتْ عَائِشَةُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا: «وَقَدْ سَنَّ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ الطَّوَافَ بَيْنَهُمَا، فَلَيْسَ لِأَحَدٍ أَنْ يَتْرُكَ الطَّوَافَ بَيْنَهُمَا».
Айшаның (р.а.) айтуынша, одан әпкесінің ұлы Уруа ибн әз-Зубәйр: «Алла Тағаланың: “Расында, Сафа мен Мәруа – Алланың нышандарының бірі. Кім Қағбаға қажылық не умра жасаса, ол екеуінің арасында сағи жасауында күнә жоқ” (“Бақара”, 158) деген сөзі туралы не дейсіз? Алланың атымен ант етемін, Сафа мен Мәруа арасында сағи жасамаған адамға да ешбір күнә болмауға тиіс қой», – деп сұрады.
Айша: «Уа, әпкемнің ұлы! Неткен жаман сөз айттың! Егер бұл аяттың мағынасы сен түсіндіргендей болғанда: “Ол екеуінің арасында сағи жасамауында оған күнә жоқ”, – делінер еді. Алайда бұл аят ансарлар туралы түсті. Олар исламды қабылдамай тұрып, Мушалләл маңындағы өздері табынатын Мәнат атты пұт үшін тәлбия айтып, ихрамға кіретін. Мәнат үшін ихрамға кіргендер Сафа мен Мәруа арасында сағи жасауды күнә санайтын. Олар исламды қабылдағаннан кейін бұл жайында Алла Елшісінен (с.а.с.): “Уа, Расулалла! Біз Сафа мен Мәруа арасында сағи жасауды күнә санайтын едік”, – деп сұрады. Сонда Алла Тағала: “Расында, Сафа мен Мәруа – Алланың нышандарының бірі” (“Бақара”, 158) деген аятты түсірді», – деді.
Айша (р.а.): «Алла Елшісі (с.а.с.) ол екеуінің арасында сағи жасауды бекітті. Сондықтан ешкімнің олардың арасында сағи жасаудан бас тартуына болмайды», – деді.