Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 847

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
26. Қажылық кітабыكِتَابُ الْحَجِّ
бап
55. Зүл-Хуләйфада құрбандық малына белгі салып, алқа таққаннан кейін ихрамға кіру туралыبَابُ مَنْ أَشْعَرَ وَقَلَّدَ بِذِي الْحُلَيْفَةِ ثُمَّ أَحْرَمَ
Нөмірі
№ 847 (Мухтасар реті) · Сахих: № 1694, 1695
847
Бұхари, № 847 · Сахих: 1694, 1695

عَنِ الْمِسْوَرِ بْنِ مَخْرَمَةَ وَمَرْوَانَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَا: «خَرَجَ النَّبِيُّ ﷺ زَمَنَ الْحُدَيْبِيَةِ مِنَ الْمَدِينَةِ فِي بِضْعَ عَشْرَةَ مِائَةً مِنْ أَصْحَابِهِ، حَتَّى إِذَا كَانُوا بِذِي الْحُلَيْفَةِ، قَلَّدَ النَّبِيُّ ﷺ الْهَدْيَ، وَأَشْعَرَ وَأَحْرَمَ بِالْعُمْرَةِ».

Қазақша аудармасы

Мисуәр ибн Махрама мен Маруан (р.а.) былай деген: «Пайғамбар (с.а.с.) Худайбия оқиғасы кезінде Мәдинадан мыңнан бірнеше жүзге асатын сахабасымен бірге жолға шықты. Олар Зүл-Хуләйфаға жеткенде, Пайғамбар (с.а.с.) құрбандық малына алқа тағып, белгі салды да, умра үшін ихрамға кірді».