Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 863

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
26. Қажылық кітабыكِتَابُ الْحَجِّ
бап
67. Жәмраларға сайдың табанында тұрып тас лақтыру туралыبَابُ رَمْيِ الْجِمَارِ مِنْ بَطْنِ الْوَادِي
Нөмірі
№ 863 (Мухтасар реті) · Сахих: № 1747
863
Бұхари, № 863 · Сахих: 1747Риуаят етуші: Ибн Мәсғуд (р.а.)

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ مَسْعُودٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّهُ رَمَى مِنْ بَطْنِ الْوَادِي، فَقِيلَ لَهُ: «إِنَّ نَاسًا يَرْمُونَهَا مِنْ فَوْقِهَا»، فَقَالَ: «وَالَّذِي لَا إِلَهَ غَيْرُهُ، هَذَا مَقَامُ الَّذِي أُنْزِلَتْ عَلَيْهِ سُورَةُ الْبَقَرَةِ ﷺ».

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Мәсғуд (р.а.) жәмраға сайдың табанында тұрып тас лақтырды. Оған: «Кейбір адамдар жәмраға жоғары жағынан тұрып тас лақтырады», – делінді. Сонда ол: «Одан басқа құлшылыққа лайық ешбір тәңір жоқ Алланың атымен ант етемін, бұл – “Бақара” сүресі түсірілген Пайғамбардың (с.а.с.) тұрған жері», – деді.