Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 887

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
28. Қажылық не умра жолы бөгелген адам туралы кітапكِتَابُ الْمُحْصَرِ
бап
2. Қажылық кезінде жолдың бөгелуі туралыبَابُ الْإِحْصَارِ فِي الْحَجِّ
Нөмірі
№ 887 (Мухтасар реті) · Сахих: № 1810
887
Бұхари, № 887 · Сахих: 1810Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

عَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا أَنَّهُ كَانَ يَقُولُ: «أَلَيْسَ حَسْبُكُمْ سُنَّةَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ؟ إِنْ حُبِسَ أَحَدُكُمْ عَنِ الْحَجِّ، طَافَ بِالْبَيْتِ وَبِالصَّفَا وَالْمَرْوَةِ، ثُمَّ حَلَّ مِنْ كُلِّ شَيْءٍ، حَتَّى يَحُجَّ عَامًا قَابِلًا، فَيُهْدِي أَوْ يَصُومُ إِنْ لَمْ يَجِدْ هَدْيًا».

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.): «Сендерге Алла Елшісінің (с.а.с.) сүннеті жеткілікті емес пе? Араларыңнан біреу қажылығын орындаудан бөгелсе, Қағбаны тауап етіп, Сафа мен Мәруаның арасында сағи жасасын. Содан кейін ихрамнан шықсын. Келесі жылы қажылық жасап, құрбандық шалсын. Ал құрбандық малын таба алмаса, ораза ұстасын», – дейтін.