Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 891

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
29. Аң аулаудың өтемі туралы кітапكِتَابُ جَزَاءِ الصَّيْدِ
бап
1. Ихрамда емес адам аң аулап, оны ихрамдағы адамға тарту етсе, оның етін жеу туралыبَابُ إِذَا صَادَ الْحَلَالُ فَأَهْدَى لِلْمُحْرِمِ الصَّيْدَ أَكَلَهُ
Нөмірі
№ 891 (Мухтасар реті) · Сахих: № 1822
891
Бұхари, № 891 · Сахих: 1822Риуаят етуші: Әбу Қатада (р.а.)

عَنْ أَبِي قَتَادَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «اِنْطَلَقْنَا مَعَ النَّبِيِّ ﷺ عَامَ الْحُدَيْبِيَةِ، فَأَحْرَمَ أَصْحَابُهُ وَلَمْ أُحْرِمْ، فَأُنْبِئْنَا بِعَدُوٍّ بِغَيْقَةَ، فَتَوَجَّهْنَا نَحْوَهُمْ، فَبَصُرَ أَصْحَابِي بِحِمَارِ وَحْشٍ، فَجَعَلَ بَعْضُهُمْ يَضْحَكُ إِلَى بَعْضٍ، فَنَظَرْتُ فَرَأَيْتُهُ، فَحَمَلْتُ عَلَيْهِ الْفَرَسَ فَطَعَنْتُهُ فَأَثْبَتُّهُ، فَاسْتَعَنْتُهُمْ فَأَبَوْا أَنْ يُعِينُونِي، فَأَكَلْنَا مِنْهُ، ثُمَّ لَحِقْتُ بِرَسُولِ اللَّهِ ﷺ، وَخَشِينَا أَنْ نُقْتَطَعَ، أَرْفَعُ فَرَسِي شَأْوًا وَأَسِيرُ عَلَيْهِ شَأْوًا.

فَلَقِيتُ رَجُلًا مِنْ بَنِي غِفَارٍ فِي جَوْفِ اللَّيْلِ، فَقُلْتُ: “أَيْنَ تَرَكْتَ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ؟” فَقَالَ: “تَرَكْتُهُ بِتَعْهَنَ، وَهُوَ قَائِلٌ السُّقْيَا”.

فَلَحِقْتُ بِرَسُولِ اللَّهِ ﷺ حَتَّى أَتَيْتُهُ، فَقُلْتُ: “يَا رَسُولَ اللَّهِ، إِنَّ أَصْحَابَكَ أَرْسَلُوا يَقْرَءُونَ عَلَيْكَ السَّلَامَ وَرَحْمَةَ اللَّهِ وَبَرَكَاتِهِ، وَإِنَّهُمْ قَدْ خَشُوا أَنْ يَقْتَطِعَهُمُ الْعَدُوُّ دُونَكَ، فَانْظُرْهُمْ”، فَفَعَلَ، فَقُلْتُ: “يَا رَسُولَ اللَّهِ، إِنَّا اِصَّدْنَا حِمَارَ وَحْشٍ، وَإِنَّ عِنْدَنَا فَاضِلَةً”، فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ لِأَصْحَابِهِ: “كُلُوا”، وَهُمْ مُحْرِمُونَ».

Қазақша аудармасы

Әбу Қатада (р.а.): «Біз Пайғамбармен (с.а.с.) бірге Худайбия жылы жолға шықтық. Оның сахабалары ихрамға кірді, ал мен ихрамға кірмедім. Бізге Ғайқада дұшпанның бар екені хабарланды да, соларға қарай бет алдық. Серіктерім бір жабайы есекті көріп, бір-біріне қарап күле бастады. Мен жан-жағыма қарап едім, оны көрдім. Содан кейін атымды соған қарай шаптырып, найзамен түйреп, жерге сұлаттым. Серіктерімнен көмек сұрадым, бірақ олар көмектесуден бас тартты. Біз оның етінен жедік. Кейін дұшпан жолымызды кесіп, Алла Елшісіне (с.а.с.) жете алмай қаламыз ба деп қауіптеніп, оның соңынан асықтым. Атымды бірде шаптырып, бірде аяңдатып отырдым.

Түн ортасында Ғифар ұлдарынан бір адамды кездестіріп: “Алла Елшісін (с.а.с.) қай жерде қалдырдың?” – деп сұрадым. Ол: “Оны Тағһән деген жерде қалдырдым. Ол Суқияда түскі демалыс жасамақ еді”, – деді.

Мен Алла Елшісін (с.а.с.) қуып жетіп: “Уа, Расулалла! Сахабаларыңыз сізге сәлем, Алланың рақымы мен берекесін жолдады. Олар сізге жетпей тұрып, дұшпан жолдарын кесіп кете ме деп қауіптеніп отыр. Сондықтан оларды күте тұрыңыз”, – дедім. Ол солай істеді. Содан кейін мен: “Уа, Расулалла! Біз бір жабайы есек аулап алдық. Оның етінен әлі де біраз қалды”, – дедім. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.) ихрамдағы сахабаларына: “Жеңдер”, – деді».