Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 68

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
3. Ілім кітабыكِتَابُ الْعِلْمِ
бап
9. Жас баланың хадис тыңдауы қай кезден бастап жарамды саналатыны туралыبَابُ مَتَى يَصِحُّ سَمَاعُ الصَّغِيرِ؟
Нөмірі
№ 68 (Мухтасар реті) · Сахих: № 76
68
Бұхари, № 68 · Сахих: 76Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

وَعَنْهُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «أَقْبَلْتُ رَاكِبًا عَلَى حِمَارٍ أَتَانٍ، وَأَنَا يَوْمَئِذٍ قَدْ نَاهَزْتُ الِاحْتِلَامَ، وَرَسُولُ اللَّهِ ﷺ يُصَلِّي بِمِنًى إِلَى غَيْرِ جِدَارٍ، فَمَرَرْتُ بَيْنَ يَدَيْ بَعْضِ الصَّفِّ، وَأَرْسَلْتُ الْأَتَانَ تَرْتَعُ، فَدَخَلْتُ فِي الصَّفِّ، فَلَمْ يُنْكَرْ ذَلِكَ عَلَيَّ».

Қазақша аудармасы

Ол (р.а.): «Мен ол кезде балиғат жасына таяп қалған едім. Бір ұрғашы есекке мініп келе жатқанымда, Алла Елшісі (с.а.с.) Минада алдында қабырға жоқ жерде намаз оқып тұр екен. Мен саптың бір бөлігінің алдынан өтіп, есекті жайылуға жібердім де, өзім сапқа қосылдым. Бұл ісіме ешкім қарсылық білдірмеді», – деген.