Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 87

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
3. Ілім кітабыكِتَابُ الْعِلْمِ
бап
23. Әйелдерге ілім үйрету үшін арнайы күн белгілеуге бола ма деген мәселе туралыبَابُ هَلْ يُجْعَلُ لِلنِّسَاءِ يَوْمٌ عَلَى حِدَةٍ فِي الْعِلْمِ؟
Нөмірі
№ 87 (Мухтасар реті) · Сахих: № 101
87
Бұхари, № 87 · Сахих: 101Риуаят етуші: Әбу Сағид (р.а.)

عَنْ أَبِي سَعِيدٍ الْخُدْرِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَتِ النِّسَاءُ لِلنَّبِيِّ ﷺ: «غَلَبَنَا عَلَيْكَ الرِّجَالُ، فَاجْعَلْ لَنَا يَوْمًا مِنْ نَفْسِكَ»، فَوَعَدَهُنَّ يَوْمًا لَقِيَهُنَّ فِيهِ، فَوَعَظَهُنَّ وَأَمَرَهُنَّ، فَكَانَ فِيمَا قَالَ لَهُنَّ: «مَا مِنْكُنَّ امْرَأَةٌ تُقَدِّمُ ثَلَاثَةً مِنْ وَلَدِهَا، إِلَّا كَانَ لَهَا حِجَابًا مِنَ النَّارِ». فَقَالَتِ امْرَأَةٌ: «وَاثْنَتَيْنِ؟» فَقَالَ: «وَاثْنَتَيْنِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид әл-Худри (р.а.) былай баяндаған: «Әйелдер Пайғамбарға (с.а.с.): “Сізден тәлім алу мүмкіндігі көбіне ер адамдарға тиіп жүр. Бізге де уақытыңыздан бір күн бөліңіз”, – деді. Сонда ол белгілі бір күні олармен кездесуге уәде берді. Сол күні әйелдермен кездесіп, оларға насихат айтып, нұсқаулар берді. Айтқан сөздерінің арасында: “Араларыңдағы қай әйелдің үш перзенті өзінен бұрын дүние салса, сол перзенттері оған Тозақ отынан қалқан болады”, – деген сөз де бар еді. Бір әйел: “Ал екеуі болса ше?” – деп сұрады. Ол: “Екеуі болса да”, – деп жауап берді».