Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 910

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
30. Мәдинаның артықшылықтары туралы кітапفَضَائِلُ الْمَدِينَةِ
бап
1. Мәдинаның харам аумағы туралыبَابُ حَرَمِ الْمَدِينَةِ
Нөмірі
№ 910 (Мухтасар реті) · Сахих: № 1869
910
Бұхари, № 910 · Сахих: 1869Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ قَالَ: «حُرِّمَ مَا بَيْنَ لَابَتَيِ الْمَدِينَةِ عَلَى لِسَانِي». قَالَ: وَأَتَى النَّبِيُّ ﷺ بَنِي حَارِثَةَ، قَالَ: «أَرَاكُمْ، يَا بَنِي حَارِثَةَ، قَدْ خَرَجْتُمْ مِنَ الْحَرَمِ»، ثُمَّ التَفَتَ، فَقَالَ: «بَلْ أَنْتُمْ فِيهِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайраның (р.а.) айтуынша, Пайғамбар (с.а.с.): «Мәдинаның екі қаратасты алқабының арасын Алла менің тілім арқылы харам етті», – деген. Ол тағы былай деген: «Пайғамбар (с.а.с.) Хариса ұлдарына келіп: “Уа, Хариса ұлдары! Сендер харам аумағынан шығып кеткен тәріздісіңдер”, – деді. Содан кейін бұрылып қарап: “Жоқ, сендер оның ішіндесіңдер”, – деді».