Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 912

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
30. Мәдинаның артықшылықтары туралы кітапفَضَائِلُ الْمَدِينَةِ
бап
2. Мәдинаның артықшылығы әрі оның адамдарды аластайтыны туралыبَابُ فَضْلِ الْمَدِينَةِ وَأَنَّهَا تَنْفِي النَّاسَ
Нөмірі
№ 912 (Мухтасар реті) · Сахих: № 1871
912
Бұхари, № 912 · Сахих: 1871Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «أُمِرْتُ بِقَرْيَةٍ تَأْكُلُ الْقُرَى، يَقُولُونَ يَثْرِبُ، وَهِيَ الْمَدِينَةُ، تَنْفِي النَّاسَ كَمَا يَنْفِي الْكِيرُ خَبَثَ الْحَدِيدِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайраның (р.а.) айтуынша, Алла Елшісі (с.а.с.): «Маған өзге қалаларға басым түсетін бір қалаға қоныс аудару бұйырылды. Адамдар оны Ясриб деп атайды, ал ол – Мәдина. Көрік темірдің қожын аластағанындай, ол да адамдарды аластайды», – деген.