Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 926

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
31. Ораза кітабыكِتَابُ الصَّوْمِ
бап
1. Оразаның артықшылығы туралыبَابُ فَضْلِ الصَّوْمِ
Нөмірі
№ 926 (Мухтасар реті) · Сахих: № 1894
926
Бұхари, № 926 · Сахих: 1894Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «الصِّيَامُ جُنَّةٌ، فَلَا يَرْفُثْ وَلَا يَجْهَلْ، وَإِنِ اِمْرُؤٌ قَاتَلَهُ أَوْ شَاتَمَهُ فَلْيَقُلْ: “إِنِّي صَائِمٌ” (مَرَّتَيْنِ). وَالَّذِي نَفْسِي بِيَدِهِ لَخُلُوفُ فَمِ الصَّائِمِ أَطْيَبُ عِنْدَ اللَّهِ تَعَالَى مِنْ رِيحِ الْمِسْكِ: “يَتْرُكُ طَعَامَهُ وَشَرَابَهُ وَشَهْوَتَهُ مِنْ أَجْلِي، الصِّيَامُ لِي وَأَنَا أَجْزِي بِهِ، وَالْحَسَنَةُ بِعَشْرِ أَمْثَالِهَا”».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайраның (р.а.) айтуынша, Алла Елшісі (с.а.с.): «Ораза – қалқан. Ораза ұстаған адам әдепсіз сөз айтпасын әрі надандықпен әрекет етпесін. Егер біреу онымен төбелеспек болса немесе оны балағаттаса: “Мен оразамын! Мен оразамын!” – деп айтсын. Жаным қолында болған Алланың атымен ант етемін! Ораза ұстаушының аузының иісі Алла Тағаланың құзырында мисктің иісінен де хош. Алла Тағала: “Ол Мен үшін тамағын, сусынын және нәпсі қалауын тәрк етеді. Ораза – Мен үшін, оның сауабын Өзім беремін. Ал әрбір ізгі амалдың сауабы он есе көбейеді”, – дейді», – деген.