Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 931

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
31. Ораза кітабыكِتَابُ الصَّوْمِ
бап
4. «Рамазан» немесе «Рамазан айы» деп айтуға бола ма? Осы атаулардың бәрін дұрыс деп санағандар туралыبَابُ هَلْ يُقَالُ «رَمَضَانُ» أَوْ «شَهْرُ رَمَضَانَ»؟ وَمَنْ رَأَى ذَلِكَ كُلَّهُ
Нөмірі
№ 931 (Мухтасар реті) · Сахих: № 1900
931
Бұхари, № 931 · Сахих: 1900Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

عَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «إِذَا رَأَيْتُمُوهُ فَصُومُوا، وَإِذَا رَأَيْتُمُوهُ فَأَفْطِرُوا، فَإِنْ غُمَّ عَلَيْكُمْ فَاقْدُرُوا لَهُ». يَعْنِي هِلَالَ رَمَضَانَ.

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.): «Алла Елшісінің (с.а.с.): “Жаңа айды көрген кезде ораза ұстаңдар, келесі жаңа айды көрген кезде оразаны аяқтаңдар. Ал аспанды бұлт торлап, оны көре алмасаңдар, айдың күн санын отызға толтырыңдар”, – дегенін естідім», – деген. Яғни рамазан айының жаңа айы туралы айтылған.