Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 938

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
31. Ораза кітабыكِتَابُ الصَّوْمِ
бап
10. Пайғамбардың (с.а.с.): «Біз жазбаймыз әрі есептемейміз» деген сөзі туралыبَابُ قَوْلِ النَّبِيِّ ﷺ: «لَا نَكْتُبُ وَلَا نَحْسُبُ»
Нөмірі
№ 938 (Мухтасар реті) · Сахих: № 1913
938
Бұхари, № 938 · Сахих: 1913Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

عَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا عَنِ النَّبِيِّ ﷺ أَنَّهُ قَالَ: «إِنَّا أُمَّةٌ أُمِّيَّةٌ، لَا نَكْتُبُ وَلَا نَحْسُبُ. الشَّهْرُ هَكَذَا وَهَكَذَا»، يَعْنِي مَرَّةً تِسْعَةً وَعِشْرِينَ، وَمَرَّةً ثَلَاثِينَ.

Қазақша аудармасы

Ибн Омардың (р.а.) айтуынша, Пайғамбар (с.а.с.): «Расында, біз – хат танымаған үмбетпіз. Біз жазбаймыз әрі есептемейміз. Ай бірде осынша, бірде осынша күн болады», – деді. Яғни бірде жиырма тоғыз, бірде отыз күн болады.