Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 950

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
31. Ораза кітабыكِتَابُ الصَّوْمِ
бап
22. Сапарда ораза ұстау және ұстамау туралыبَابُ الصَّوْمِ فِي السَّفَرِ وَالْإِفْطَارِ
Нөмірі
№ 950 (Мухтасар реті) · Сахих: № 1941
950
Бұхари, № 950 · Сахих: 1941Риуаят етуші: Ибн Әбу Әуфа (р.а.)

عَنِ ابْنِ أَبِي أَوْفَى رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: كُنَّا مَعَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ فِي سَفَرٍ، فَقَالَ لِرَجُلٍ: «اِنْزِلْ فَاجْدَحْ لِي». قَالَ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، الشَّمْسُ؟» قَالَ: «اِنْزِلْ فَاجْدَحْ لِي». قَالَ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، الشَّمْسُ؟» قَالَ: «اِنْزِلْ فَاجْدَحْ لِي»، فَنَزَلَ فَجَدَحَ لَهُ فَشَرِبَ، ثُمَّ رَمَى بِيَدِهِ هَا هُنَا، ثُمَّ قَالَ: «إِذَا رَأَيْتُمُ اللَّيْلَ أَقْبَلَ مِنْ هَا هُنَا فَقَدْ أَفْطَرَ الصَّائِمُ».

Қазақша аудармасы

Ибн Әбу Ауфа (р.а.) былай деген: «Біз Алла Елшісімен (с.а.с.) бірге сапарда едік. Ол бір адамға: “Көлігіңнен түс те, маған талқан сусынын әзірле”, – деді. Әлгі адам: “Уа, Расулалла! Күннің жарығы әлі бар ғой?” – деді. Ол: “Көлігіңнен түс те, маған талқан сусынын әзірле”, – деді. Әлгі адам тағы да: “Уа, Расулалла! Күннің жарығы әлі бар ғой?” – деді. Ол: “Көлігіңнен түс те, маған талқан сусынын әзірле”, – деді. Сонда әлгі адам көлігінен түсіп, оған талқан сусынын әзірледі. Пайғамбар (с.а.с.) оны ішті. Содан кейін қолымен бір жақты нұсқап: “Түннің мына жақтан келе жатқанын көрсеңдер, ораза ұстаушының ауыз ашатын уақыты кірді”, – деді».