Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 953

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
31. Ораза кітабыكِتَابُ الصَّوْمِ
бап
23. Рамазанның бірнеше күнінде ораза ұстап, кейін сапарға шыққан адам туралыبَابُ إِذَا صَامَ أَيَّامًا مِنْ رَمَضَانَ ثُمَّ سَافَرَ
Нөмірі
№ 953 (Мухтасар реті) · Сахих: № 1945
953
Бұхари, № 953 · Сахих: 1945Риуаят етуші: Әбу Дәрда (р.а.)

عَنْ أَبِي الدَّرْدَاءِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «خَرَجْنَا مَعَ النَّبِيِّ ﷺ فِي بَعْضِ أَسْفَارِهِ فِي يَوْمٍ حَارٍّ حَتَّى يَضَعَ الرَّجُلُ يَدَهُ عَلَى رَأْسِهِ مِنْ شِدَّةِ الْحَرِّ، وَمَا فِينَا صَائِمٌ إِلَّا مَا كَانَ مِنَ النَّبِيِّ ﷺ وَابْنِ رَوَاحَةَ».

Қазақша аудармасы

Әбу әд-Дарда (р.а.) былай деген: «Біз Пайғамбармен (с.а.с.) бірге сапарлардың біріне аптап ыстық күні шықтық. Ыстықтың қаттылығы сонша, адамдар бастарына қолдарын қоятын. Арамызда Пайғамбар (с.а.с.) мен Ибн Рауахадан басқа ораза ұстаған ешкім болмады».