Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 966

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
31. Ораза кітабыكِتَابُ الصَّوْمِ
бап
34. Шағбан айында ораза ұстау туралыبَابُ صَوْمِ شَعْبَانَ
Нөмірі
№ 966 (Мухтасар реті) · Сахих: № 1969
966
Бұхари, № 966 · Сахих: 1969Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: «كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يَصُومُ حَتَّى نَقُولَ: “لَا يُفْطِرُ”، وَيُفْطِرُ حَتَّى نَقُولَ: “لَا يَصُومُ”، فَمَا رَأَيْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ اِسْتَكْمَلَ صِيَامَ شَهْرٍ إِلَّا رَمَضَانَ، وَمَا رَأَيْتُهُ أَكْثَرَ صِيَامًا مِنْهُ فِي شَعْبَانَ».

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) былай деген: «Алла Елшісі (с.а.с.) кейде оразаны соншалықты көп ұстайтын, біз: “Ораза ұстамайтын күні жоқ шығар”, – дейтінбіз. Кейде ораза ұстамай соншалықты ұзақ жүретін, біз: “Енді ораза ұстамайтын шығар”, – дейтінбіз. Алла Елшісінің (с.а.с.) рамазаннан басқа бір айды толық оразамен өткізгенін көрмедім. Сондай-ақ оның шағбан айындағыдай басқа бір айда соншалықты көп ораза ұстағанын көрмедім».