Хадис
كِتَابُ فَضْلِ لَيْلَةِ الْقَدْرِ

Қадір түнінің артықшылығы туралы кітап

Сахих әл-Бұхари, 33-кітап · 5 хадис · № 980–984

بَابُ الْتِمَاسِ لَيْلَةِ الْقَدْرِ فِي السَّبْعِ الْأَوَاخِرِ

1-бапҚадір түнін соңғы жеті түннен іздеу туралы

980
Бұхари, № 980 · Сахих: 2015Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

عَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا أَنَّ رِجَالًا مِنْ أَصْحَابِ النَّبِيِّ ﷺ أُرُوا لَيْلَةَ الْقَدْرِ فِي الْمَنَامِ فِي السَّبْعِ الْأَوَاخِرِ، فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «أَرَى رُؤْيَاكُمْ قَدْ تَوَاطَأَتْ فِي السَّبْعِ الْأَوَاخِرِ، فَمَنْ كَانَ مُتَحَرِّيهَا فَلْيَتَحَرَّهَا فِي السَّبْعِ الْأَوَاخِرِ».

Қазақша аудармасы

Ибн Омардың (р.а.) айтуынша, Пайғамбардың (с.а.с.) кейбір сахабаларына Қадір түнінің соңғы жеті түннің бірінде екені түстерінде көрсетілген. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): «Түстеріңнің соңғы жеті түнге сәйкес келгенін көріп тұрмын. Оны іздеген адам соңғы жеті түннен іздесін», – деген.

981
Бұхари, № 981 · Сахих: 2016Риуаят етуші: Әбу Сағид (р.а.)

عَنْ أَبِي سَعِيدٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: اِعْتَكَفْنَا مَعَ النَّبِيِّ ﷺ الْعَشْرَ الْأَوْسَطَ مِنْ رَمَضَانَ، فَخَرَجَ صَبِيحَةَ عِشْرِينَ فَخَطَبَنَا وَقَالَ: «إِنِّي أُرِيتُ لَيْلَةَ الْقَدْرِ، ثُمَّ أُنْسِيتُهَا – أَوْ نُسِّيتُهَا – فَالْتَمِسُوهَا فِي الْعَشْرِ الْأَوَاخِرِ فِي الْوَتْرِ، وَإِنِّي رَأَيْتُ أَنِّي أَسْجُدُ فِي مَاءٍ وَطِينٍ، فَمَنْ كَانَ اِعْتَكَفَ مَعَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ فَلْيَرْجِعْ».

فَرَجَعْنَا وَمَا نَرَى فِي السَّمَاءِ قَزَعَةً، فَجَاءَتْ سَحَابَةٌ فَمَطَرَتْ حَتَّى سَالَ سَقْفُ الْمَسْجِدِ، – وَكَانَ مِنْ جَرِيدِ النَّخْلِ – وَأُقِيمَتِ الصَّلَاةُ، فَرَأَيْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَسْجُدُ فِي الْمَاءِ وَالطِّينِ، حَتَّى رَأَيْتُ أَثَرَ الطِّينِ فِي جَبْهَتِهِ ﷺ.

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид (р.а.): «Біз Пайғамбармен (с.а.с.) бірге рамазанның ортаңғы он күнінде иғтикафқа кірдік. Ол жиырмасыншы күннің таңында шығып, бізге құтба айтты да: “Маған Қадір түні көрсетілді, бірақ кейін ол маған ұмыттырылды. Сондықтан оны соңғы он түннің тақ түндерінен іздеңдер. Мен түсімде су мен балшыққа сәжде жасап жатқанымды көрдім. Алла Елшісімен (с.а.с.) бірге иғтикафқа кірген адам иғтикафына қайта оралсын”, – деді.

Біз қайта оралдық. Сол кезде аспанда бір түйір бұлт та көрінбеген еді. Кейін бір бұлт келіп, жаңбыр жауды. Тіпті мешіттің құрма бұтақтарынан жасалған төбесінен су сорғалады. Намазға қамат айтылды. Сонда мен Алла Елшісінің (с.а.с.) су мен балшыққа сәжде жасағанын көрдім. Тіпті оның маңдайындағы балшықтың ізін де көрдім», – деген.

بَابُ تَحَرِّي لَيْلَةِ الْقَدْرِ فِي الْوِتْرِ مِنَ الْعَشْرِ الْأَوَاخِرِ

2-бапҚадір түнін рамазанның соңғы он түнінің тақ түндерінен іздеу туралы

982
Бұхари, № 982 · Сахих: 2021Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ قَالَ: «اِلْتَمِسُوهَا فِي الْعَشْرِ الْأَوَاخِرِ مِنْ رَمَضَانَ لَيْلَةَ الْقَدْرِ، فِي تَاسِعَةٍ تَبْقَى، فِي سَابِعَةٍ تَبْقَى، فِي خَامِسَةٍ تَبْقَى».

Қазақша аудармасы

Ибн Аббастың (р.а.) айтуынша, Пайғамбар (с.а.с.): «Қадір түнін рамазанның соңғы он түнінен: тоғыз түн қалғанда, жеті түн қалғанда және бес түн қалғанда іздеңдер», – деген.

983
Бұхари, № 983 · Сахих: 2023Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

وَعَنْهُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا فِي رِوَايَةٍ قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «هِيَ فِي الْعَشْرِ الْأَوَاخِرِ، فِي تِسْعٍ يَمْضِينَ أَوْ فِي سَبْعٍ يَبْقَيْنَ». يَعْنِي لَيْلَةَ الْقَدْرِ.

Қазақша аудармасы

Ибн Аббастан (р.а.) жеткен бір риуаятта Алла Елшісінің (с.а.с.): «Ол соңғы он түннің бірінде: тоғыз түн өткенде немесе жеті түн қалғанда болады», – дегені келтірілген. Яғни Қадір түні туралы айтылған.

بَابُ الْعَمَلِ فِي الْعَشْرِ الْأَوَاخِرِ مِنْ رَمَضَانَ

3-бапРамазанның соңғы он күнінде құлшылық ету туралы

984
Бұхари, № 984 · Сахих: 2024Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: «كَانَ النَّبِيُّ ﷺ إِذَا دَخَلَ الْعَشْرُ شَدَّ مِئْزَرَهُ وَأَحْيَا لَيْلَهُ وَأَيْقَظَ أَهْلَهُ».

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.): «Рамазанның соңғы он күні кіргенде, Пайғамбар (с.а.с.) белін бекем буып, жұбайларымен жақындасудан тыйылып, түнін құлшылықпен өткізіп, отбасын оятатын», – деген.