Хадис
كِتَابُ الِاعْتِكَافِ

Иғтикаф туралы кітап

Сахих әл-Бұхари, 34-кітап · 6 хадис · № 985–990

Мазмұны: 6 бап
  1. 1Рамазанның соңғы он күнінде иғтикафқа кіру туралы
  2. 2Иғтикафтағы адамның үйге тек қажетін өтеу үшін ғана кіруі туралы
  3. 3Түнде иғтикафқа кіру туралы
  4. 4Мешіт ішіндегі шатырлар туралы
  5. 5Иғтикафтағы адамның өз қажеттілігі үшін мешіттің есігіне дейін шығуы туралы
  6. 6Рамазанның ортаңғы он күнінде иғтикафқа кіру туралы
بَابُ الِاعْتِكَافِ فِي الْعَشْرِ الْأَوَاخِرِ

1-бапРамазанның соңғы он күнінде иғтикафқа кіру туралы

985
Бұхари, № 985 · Сахих: 2026Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا زَوْجِ النَّبِيِّ ﷺ أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ كَانَ يَعْتَكِفُ الْعَشْرَ الْأَوَاخِرَ مِنْ رَمَضَانَ حَتَّى تَوَفَّاهُ اللَّهُ، ثُمَّ اِعْتَكَفَ أَزْوَاجُهُ مِنْ بَعْدِهِ.

Қазақша аудармасы

Пайғамбардың (с.а.с.) жұбайы Айша (р.а.): «Пайғамбар (с.а.с.) дүниеден өткенге дейін рамазанның соңғы он күнінде иғтикафқа кіретін. Одан кейін оның жұбайлары да иғтикафқа кірді», – деп жеткізді.

بَابُ لَا يَدْخُلُ الْبَيْتَ إِلَّا لِحَاجَةٍ

2-бапИғтикафтағы адамның үйге тек қажетін өтеу үшін ғана кіруі туралы

986
Бұхари, № 986 · Сахих: 2029Риуаят етуші: Айша (р.а.)

وَعَنْهَا رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: «وَإِنْ كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ لَيُدْخِلُ عَلَيَّ رَأْسَهُ وَهُوَ فِي الْمَسْجِدِ فَأُرَجِّلُهُ، وَكَانَ لَا يَدْخُلُ الْبَيْتَ إِلَّا لِحَاجَةٍ إِذَا كَانَ مُعْتَكِفًا».

Қазақша аудармасы

Пайғамбардың (с.а.с.) жұбайы Айша (р.а.): «Алла Елшісі (с.а.с.) мешітте болған кезінде басын менің бөлмеме қарай кіргізетін, ал мен оның шашын тарайтынмын. Ол иғтикафта болғанда үйге тек қажетін өтеу үшін ғана кіретін», – деп жеткізді.

بَابُ الِاعْتِكَافِ لَيْلًا

3-бапТүнде иғтикафқа кіру туралы

987
Бұхари, № 987 · Сахих: 2032Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

عَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا أَنَّ عُمَرَ سَأَلَ النَّبِيَّ ﷺ، قَالَ: «كُنْتُ نَذَرْتُ فِي الْجَاهِلِيَّةِ أَنْ أَعْتَكِفَ لَيْلَةً فِي الْمَسْجِدِ الْحَرَامِ». قَالَ: «فَأَوْفِ بِنَذْرِكَ».

Қазақша аудармасы

Ибн Омардың (р.а.) айтуынша, Омар Пайғамбардан (с.а.с.) жәһилия дәуірінде берген нәзірі туралы сұрап: «Мен Харам мешітінде бір түн иғтикафқа кіруді нәзір еткен едім», – деді. Сонда ол: «Нәзіріңді орында», – деді.

بَابُ الْأَخْبِيَةِ فِي الْمَسْجِدِ

4-бапМешіт ішіндегі шатырлар туралы

988
Бұхари, № 988 · Сахих: 2034Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ أَرَادَ أَنْ يَعْتَكِفَ، فَلَمَّا انْصَرَفَ إِلَى الْمَكَانِ الَّذِي أَرَادَ أَنْ يَعْتَكِفَ فِيهِ إِذَا أَخْبِيَةٌ: خِبَاءُ عَائِشَةَ، وَخِبَاءُ حَفْصَةَ، وَخِبَاءُ زَيْنَبَ، فَقَالَ: «آلْبِرَّ تَقُولُونَ بِهِنَّ؟» ثُمَّ انْصَرَفَ، فَلَمْ يَعْتَكِفْ حَتَّى اِعْتَكَفَ عَشْرًا مِنْ شَوَّالٍ.

Қазақша аудармасы

Айшаның (р.а.) айтуынша, Пайғамбар (с.а.с.) иғтикафқа кірмек болған. Иғтикаф жасайтын орнына келгенде, бірнеше шатырды көрді: Айшаның шатыры, Хафсаның шатыры және Зейнептің шатыры. Сонда ол: «Олар мұны ізгілік үшін жасады деп ойлайсыңдар ма?» – деді. Кейін кері қайтып, иғтикафқа кірмеді. Содан кейін шәууәл айында он күн иғтикафқа кірді.

بَابُ هَلْ يَخْرُجُ الْمُعْتَكِفُ لِحَوَائِجِهِ إِلَى بَابِ الْمَسْجِدِ؟

5-бапИғтикафтағы адамның өз қажеттілігі үшін мешіттің есігіне дейін шығуы туралы

989
Бұхари, № 989 · Сахих: 2035

عَنْ صَفِيَّةَ زَوْجِ النَّبِيِّ ﷺ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا أَنَّهَا جَاءَتْ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ تَزُورُهُ فِي اعْتِكَافِهِ فِي الْمَسْجِدِ، فِي الْعَشْرِ الْأَوَاخِرِ مِنْ رَمَضَانَ، فَتَحَدَّثَتْ عِنْدَهُ سَاعَةً، ثُمَّ قَامَتْ تَنْقَلِبُ، فَقَامَ النَّبِيُّ ﷺ مَعَهَا يَقْلِبُهَا.

حَتَّى إِذَا بَلَغَتْ بَابَ الْمَسْجِدِ عِنْدَ بَابِ أُمِّ سَلَمَةَ مَرَّ رَجُلَانِ مِنَ الْأَنْصَارِ، فَسَلَّمَا عَلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ فَقَالَ لَهُمَا النَّبِيُّ ﷺ: «عَلَى رِسْلِكُمَا، إِنَّمَا هِيَ صَفِيَّةُ بِنْتُ حُيَيٍّ»، فَقَالَا: «سُبْحَانَ اللَّهِ، يَا رَسُولَ اللَّهِ!» وَكَبُرَ عَلَيْهِمَا، فَقَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «إِنَّ الشَّيْطَانَ يَبْلُغُ مِنَ الْإِنْسَانِ مَبْلَغَ الدَّمِ، وَإِنِّي خَشِيتُ أَنْ يَقْذِفَ فِي قُلُوبِكُمَا شَيْئًا».

Қазақша аудармасы

Пайғамбардың (с.а.с.) жұбайы Сафияның (р.а.) айтуынша, ол рамазанның соңғы он күнінде мешітте иғтикафта отырған Алла Елшісіне (с.а.с.) зиярат етіп келді. Ол Пайғамбардың (с.а.с.) жанында біраз уақыт әңгімелесіп отырды. Содан кейін қайту үшін орнынан тұрғанда, Пайғамбар (с.а.с.) да оны шығарып салу үшін бірге тұрды.

Екеуі мешіттің Үммі Сәләмәнің есігі жақтағы қақпасына жеткен кезде, ансарлардан екі адам өтіп бара жатты. Олар Алла Елшісіне (с.а.с.) сәлем берді. Сонда Пайғамбар (с.а.с.) оларға: «Асықпаңдар, бұл – Хуяйдың қызы Сафия», – деді. Екеуі: «Субханаллаһ, уа, Расулалла!» – деді. Олар Пайғамбар туралы жаман ойға баруды ауыр іс санады. Сонда Пайғамбар (с.а.с.): «Расында, шайтан адам баласының бойында қан жүргендей жүреді. Мен оның жүректеріңе жаман ой салуынан қауіптендім», – деді.

بَابُ الِاعْتِكَافِ فِي الْعَشْرِ الْأَوْسَطِ مِنْ رَمَضَانَ

6-бапРамазанның ортаңғы он күнінде иғтикафқа кіру туралы

990
Бұхари, № 990 · Сахих: 2044Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «كَانَ النَّبِيُّ ﷺ يَعْتَكِفُ فِي كُلِّ رَمَضَانٍ عَشَرَةَ أَيَّامٍ، فَلَمَّا كَانَ الْعَامُ الَّذِي قُبِضَ فِيهِ اِعْتَكَفَ عِشْرِينَ يَوْمًا».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Пайғамбар (с.а.с.) әр рамазанда он күн иғтикафқа кіретін. Ал дүниеден өткен жылы жиырма күн иғтикафқа кірді», – деген.