وَعَنْهَا رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: «وَإِنْ كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ لَيُدْخِلُ عَلَيَّ رَأْسَهُ وَهُوَ فِي الْمَسْجِدِ فَأُرَجِّلُهُ، وَكَانَ لَا يَدْخُلُ الْبَيْتَ إِلَّا لِحَاجَةٍ إِذَا كَانَ مُعْتَكِفًا».
Қазақша аудармасы
Пайғамбардың (с.а.с.) жұбайы Айша (р.а.): «Алла Елшісі (с.а.с.) мешітте болған кезінде басын менің бөлмеме қарай кіргізетін, ал мен оның шашын тарайтынмын. Ол иғтикафта болғанда үйге тек қажетін өтеу үшін ғана кіретін», – деп жеткізді.